Call-center: + 7 (727) 341 0700

«АЛСЕКО» АҚ коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шоттағы өзгерістер туралы хабарлайды/ АО «АЛСЕКО» сообщает об изменениях в счёте на оплату коммунальных услуг

Жаңа үлгідегі шот 2020ж. сәуір айынан бастап басып шығарылады және тұтынушыларға жеткізілетін болады

2020 жылдан бастап халықтан шот-түбіртектер бойынша коммуналдық қызметтерді төлеуді қабылдайтын Қазақстан Республикасының банктері және «АЛСЕКО» АҚ төлем туралы ақпаратты электрондық түрде сақтау тәсіліне көшті. Осылайша, бұрын төлеген кезде банкте қалып сақталатын шоттын жоғарғы бөлігінің қажеттілігі жоғалды. Осыған байланысты Алматы қ. бойынша коммуналдық қызметтердің негізгі жеткізушілері тұрғындарға шотты толтыру үдерісін жеңілдету және тұтынушылардың ақпараттық деңгейін арттыру мақсатында шоттың сыртқы түрін өзгерту туралы шешім қабылдады. Енді төлем жасағаннан кейін қағаз шот тек қызмет тұтынушыда сақталатын болады.

Тұтынушылар ие болатын артықшылықтар: шотты толтыру уақытын үнемдеу, есептеу құралдарының көрсеткіштерін және төлем сомасын енгізу кезінде қателерді болдырмау.  Сонымен қатар, тұтынушылар төлемнің шекті мерзімдері, берешектер, артық төлемдер, тарифтер, есепке алу құралдары және басқа да нәрселер туралы ақпарат алады. 

Жаңа шот бір парақта тұтынушылар үшін қажетті және маңызды ақпаратты қамтиды:

1) шоттың жоғарғы жолында негізгі қызмет жеткізушілердің байланыс деректері және компаниялардың логотиптері көрсетілген; 

2) коммуналдық қызметтерді төлеу үшін қайталанған жолдары бар шоттың (шот түбіртектің) төменгі бөлігі алынып тасталды;

3) шоттың төменгі бөлігінде, қызметтер бойынша төлем мерзімдері, төлем сомасын есептеу кезеңдері, берешек туралы мәліметтер сияқты және тағы басқа да қызмет жеткізушілерден келген ақпараттық хабарламалар мен ескертулер басылып шығарылады;

4) шоттың ең төменгі жолында жеке шоттың нөмірі және коммуналдық қызмет тұтынушының мекенжайы, «АЛСЕКО» АҚ сайты, шот қалыптастырылған кезеңі (айы/жылы) және шоттың мөрленген күні көрсетілген.

Жаңа нысанның үлгісін https://www.alseco.kz/uploads/bill/kk/  сілтеме бойынша alseco.kz сайтында көруге болады.

Алматы облысының тұрғындары үшін АЛСЕКО басып шығаратын коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шотта қосымша ақпарат пайда болады: шоттың жоғарғы бөлігінде негізгі қызмет жеткізушілердің байланыс деректері және компаниялардың логотиптері көрсетілген; шоттың төменгі жолында жеке шоттың нөмірі және коммуналдық қызмет тұтынушының мекенжайы, шот қалыптасқан кезеңі, оның мөрленген күні және «АЛСЕКО» АҚ байланыс деректері көрсетілген. Коммуналдық қызметтерді төлеу үшін қайталанған жолдары бар шоттың екінші бөлігі әзірше өзгеріссіз қалады. Бұл банктердің облыстық бөлімшелері жасалған төлемдер бойынша деректерді электрондық мұрағаттауға көшу процесінде болуына байланысты.

Шоттағы өзгерістер туралы сұрақтарға басқа жауаптарды мына жерден қараңыз: https://www.alseco.kz/kk/faq

Счёт нового образца будет печататься и доставляться потребителям с апреля 2020 г.

В 2020 г. банки Республики Казахстан, которые принимают от населения оплату коммунальных услуг по счетам-квитанциям, и АО «АЛСЕКО» перешли на электронный способ хранения информации об оплате. Так, отпала необходимость в верхней части счёта, которая ранее при оплате оставалась в банке. В связи с этим основные поставщики коммунальных услуг по г. Алматы приняли решение об изменении внешнего вида счёта с целью облегчить жителям процесс его заполнения и повысить информированность потребителей. После оплаты бумажный счёт будет храниться только у потребителя услуг.

Преимущества, которые получают потребители: экономия времени на заполнение счёта, предотвращение ошибок при внесении данных показаний приборов учёта и сумм к оплате. Кроме того, потребители получают информацию о предельных сроках оплаты, задолженностях, переплатах, тарифах, приборах учёта и другую. 

Новый счёт содержит нужную и важную для потребителей информацию на одном листе:

1) в верхней строке счёта отражены контакты основных поставщиков услуг и логотипы компаний; 

2) исключена нижняя часть счёта-квитанции (квитанция к счёту), в которой дублировались строки для оплаты коммунальных услуг;

3) в нижней части счёта отпечатаны информационные сообщения и уведомления от поставщиков услуг, такие как сроки оплаты по услугам, периоды начисления сумм оплаты, сведения о задолженности и другие;

4) в самой нижней строке счёта указаны номер лицевого счёта и адрес потребителя коммунальных услуг, сайт АО «АЛСЕКО», период (месяц/год), за который сформирован счёт, и дата печати счёта.

Образец новой формы счёта с изменениями можно увидеть на сайте alseco.kzпо ссылке: https://www.alseco.kz/uploads/bill/

В счёте на оплату коммунальных услуг, который АЛСЕКО печатает для жителей Алматинской области, появится дополнительная информация: в верхней части счёта отражены контакты основных поставщиков услуг и логотипы компаний; в нижней строке счёта указаны номер лицевого счёта и адрес потребителя коммунальных услуг, период, за который сформирован счёт, дата его печати и контактные данные АО «АЛСЕКО». Пока сохраняется без изменений вторая часть счёта, в которой дублируются строки для оплаты коммунальных услуг. Это связано с тем, что областные отделения банков находятся в процессе перехода на электронную архивацию данных по проведенным платежам.

Больше ответов на вопросы об изменениях в счёте смотрите здесь:https://www.alseco.kz/faq квитанция схема1 1 копия