«Алматы жылу жүйесі» ЖШС өткен жылыту маусымына қайта есептеу жүргізді / Перерасчет за прошедший отопительный сезон сделали Алматинские тепловые сети

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС 2019-2020 жылғы жылыту маусымы үшін қайта есептеу бойынша өз міндеттемелерін орындады. үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптарымен жабдықталмаған үйлерде тұратын тұтынушылар 2020 жылғы шілдедегі шот-түбіртектерде қайта есептеуді көрді.

Кәсіпорынның қызмет көрсету аймағындағы Алматы қаласының 48075 тұтынушысы ақшалай қаражатты дербес шоттарына қайтарып алды. Қайта есептеудің жалпы сомасы 11,6 млн теңгені құрады.

Қайта есептеу ҚР 2018 жылғы 27 желтоқсандағы «Табиғи монополиялар туралы» №204-VI Заңының 26-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығымен бекітілген «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының» 10-тарауына сәйкес 2019-2020 жылғы жылыту кезеңіндегі сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып жүргізілді.

Биылғы жылғы қайта есептеу сомасының өткен жылғы жылыту кезеңдеріне қарағанда әлдеқайда аз екендігін айта кету керек. Бұл 2019 жылы аяқталған аспаптандыру жобасы аясында Алматы қаласында 8 096 көп пәтерлі тұрғын үйдің 7 627 (94%) тұрғын үйіне үйге ортақ жылу энергиясын есепке алатын аспаптардың орнатылғандығына байланысты. Тұтынушылардың бұл санатына қайта есептеу жүргізілмеді, олар есепке алатын аспаптың нақты көрсеткіштері бойынша төлем жасайды.

________________________________________________________________________________________________________

ТОО «Алматинские тепловые сети» выполнили свои обязательства по перерасчету за отопительный сезон 2019 – 2020 гг. Потребители, проживающие в домах, не оснащенных общедомовыми приборами учета тепловой энергии, увидели перерасчет в счет-квитанциях за июль 2020 года.

48075 потребителей г. Алматы, находящихся в зоне обслуживания предприятия, получили возврат денежных средств на лицевые счета. Общая сумма перерасчета составила 11,6 млн. тенге

Перерасчет произведен в соответствии с подпунктом 11) пункта 2 статьи 26 Закона «О естественных монополиях» от 27.12.2018 г. №204-VI, а также главой 10 Правил формирования тарифов, Утвержденных приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 ноября 2019 года №90 с учетом фактической температуры наружного воздуха за отопительный период 2019-2020гг.

Стоит отметить, что в этом году сумма перерасчета гораздо меньше, чем за прошлые отопительные периоды. Это связано с тем, что в рамках проекта приборизации, который завершился в 2019 году, в г. Алматы из 8 096 многоквартирных жилых домов общедомовые приборы учета тепловой энергии установлены в 7 627 (94%) жилых домах. Этой категории потребителей перерасчёт не коснулся, они производят оплату по фактическим показаниям прибора учета. 

pereraschet 2020