Алматыда 1981  жылдан бері пайдаланылып келе жатқан құбырды  ауыстыру мақсатында Жұмабаев  пен  Мақатаев көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы шектеледі 

Алматы қаласы Жетісу ауданында 2024 жылдың 5 шілдедегі сағат 20:00-ден 8 шілдедегі сағат 23:00-ге дейін Айнабұлақ шағын ауданында Жұмабаев пен Мақатаев көшелерінің қиылысын қамтитын аумақта көлік қозғалысы жабылады.

Екі бағытта да көлік қозғалысы жабылады.

Мақатаев көшесіндегі жол бөлігінің астынан өтетін, 1981 жылдан бері пайдалануға берілген 2135 метрлік құбырды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізілді.

Бұл құбыр 344 көппәтерлі тұрғын үйді, 11 білім беру нысанын, 3 денсаулық сақтау нысанын және 483 басқа нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Жаңғырту жұмыстары кезеңінде аталған тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, Telegram @AlmatyJoly арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталары»  сервистерінде орналастырылған.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және бұл аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруларыңызды сұраймыз.