Новости/Жаңалықтар


Последние новости компании и объявления для потребителей


Компанияның соңғы жаңалықтары және тұтынушылар ушін хабарландырулары

2019 жылдың 1 жартыжылдығындағы жария тыңдаулар

Алматы жылу жүйесінде халық алдында есеп беру кездесуі өтті

 

Дүйсенбі күні, 2020 жылғы 27 шілдеде тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында жылу энергиясын беру, тарату және жабдықтау жөніндегі кәсіпорынның қызметі туралы 2019 жылғы бірінші жартыжылдықтың жыл сайынғы есебі бойынша тыңдаулар өтті.

 

Іс-шара барысында кәсіпорын басшылығы жарты жылдың қорытындысын шығарды, сондай-ақ алдағы іс-шаралар бойынша жоспарлар айтылды.

 

Реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну бойынша «Алматы жылу жүйесі» ЖШС (бұдан әрі – «АлЖЖ» ЖШС) қызметі туралы есеп – 2018 жылдың қорытындысы бойынша негіздемелермен тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында жылу энергиясын беру, бөлу және жабдықтау.

 

1) Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2020 жылғы 28 ақпандағы №09-НҚ бұйрығына сәйкес «АлЖЖ» ЖШС инвестициялық бағдарламасы өз қаражаты есебінен бекітілді. 2020 жылға арналған бекітілген инвестициялық бағдарламада 3 046650 мың теңге сомасында іс-шаралар көзделген және 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 117 346,89 мың теңге сомасында орындалды.

 

Бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын іске асыру 2019 жылдың 1 жартыжылдығында 256 994 мың теңге сомасында жүзеге асырылды.

 

Жобаның атауы2019 жылғы бекітілген жоспар
ҚҚС-сыз мың теңг
2019 жылғы нақты жоспар
ҚҚС-сыз мың теңг
1Объектілерді күрделі жөндеу, қайта құрылымдау, мемлекеттік сараптама, ЖСҚ558 1556 867
2ДТБАЖ енгізу287 265    165 670
3Сорғы, желдету, дәнекерлеу жабдықтары, электр қозғалтқыштары97 023    9 778
4Жылу алмастырғыш жабдықтар4 743-
5БӨАжА13 602    4 550
6Арнайы механизмдер және техника

20 738

508
7Бағдарламалық жасақтама және кеңсе техникасы

161 635

66 813
8Ілгекті арматура136 717    2 810
Барлығы :1 279 877    256 994

 

2) «АлЖЖ» ЖШС қызметінің негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштері туралы

 

Атауы 

2018 жылдың 1 жартыжылдығы,

млн тг.

2019 жылдың 1 жартыжылдығы,

млн тг.

Кірістер

25 162

19 717

Негізгі қызмет

22 208    

17 550

Өзге қызметтен түскен кірістер және өзге де кірістер

978    

516

Субсидиялар

1 975    

1 650

Шығыстар барлығы

25 888    

19 487

Ж/э сатып алу

19 841    

14 177

ЕТҚ

1 438

1 685

Амортизация

1 885

1 923

Электр энергиясы

596    

524

Жөндеу және материалдар

878    

376

Салықтар

445    

510

Өзге қызмет бойынша шығыстар

221    

102

Өзге де шығыстар

584    

189

Пайда (Шығын)

-726    

229*

 

3) Реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы

2019 жылдың 1 жартыжылдығында желіге жіберілген жылу энергиясының жалпы көлемі 3 млн 663 мың Гкал құрады: жылу энергиясын сату – 3 млн 352 мың Гкал, нормативтік ысыраптар – 239 мың Гкал, нормативтен тыс ысыраптар-0.

 

4) Реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс туралы

«АлЖЖ» ЖШС тұтынушылармен дебиторлық берешекті өтеу бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. Берешекті өтеу талабымен дебиторларға шағымдар жіберіледі. 2018 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 2019 жылдың 1 жартыжылдығында дебиторлық берешектің төмендеуі 1 527 млн теңгені немесе 46%-ды құрады.

 

5) Бекітілген тарифтік сметаның баптар бойынша орындалуы туралы

2019 жылдың 1 жартыжылдығына жылу энергиясын беру, бөлу және жабдықтау қызметтерінің тарифтік сметасының орындалуы

№ п/пАтауы 

2019 жылға бекітілген

тарифтік сметада көзделген,

ҚҚС-сыз мың теңге.

2019 жылдың 1 жартыжылдығындағы шұғыл деректер, мың теңге
IТауарларды өндіруге және қызметтерді ұсынуға арналған шығындар, барлығы9 505 809,9    5 202 871,6
1

Материалдық шығындар, барлығы 

1 283 643,7  

661 655,1

Оның ішінде:
1.1

Шикізат және материалдар

61 553,7    

40 988,0

1.2

ЖЖМ

107 801,2    

85 170,0

1.3

Су және канализация

23 659,7    

12 038,6

1.4Энергия

1 090 629,1    

523 458,5

2

Еңбекке ақы төлеу шығыстары, барлығы

2 483 344,4

1 436 341,1

3Амортизация

1 103 363,2  

1 537 827,7

4

Нормативтік ысыраптар шығыстары

3 943 614,8    

1 263 990,8

5Жөндеу 

518 210,2  

220 866,2

6

Салықтар (экологиялық төлемдер)

1 299,7  

660,1

7

Бөгде ұйымдардың қызметтері, барлығы

172 333,9    

81 530,6

II

Кезең шығыстары, барлығы

1 108 268,9    

629 699,5

9

Сыйақы төлеуге арналған шығыстар

4 921,1  

3 074,3

III

Қызметтерді ұсынуға арналған барлық шығындар

10 618 999,9  

5 835 645,4

IVПайда

0

0

V

Барлық кірістер

10 618 999,9

5 835 645,4

VI

Көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі

5 753,0  

3 352,0

VII

Нормативтік техникалық ысыраптар

1 042,0    

239,0

VIII

Тариф (ҚҚС-сыз)

1 845,8

1740,94

 

6) «АлЖЖ» ЖШС қызметінің перспективалары туралы

  • «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша 8,6 млрд теңгеге ұзындығы 6,6 км жылу желілерін, инвестициялық бағдарлама бойынша 0,5 млрд теңгеге ұзындығы 1,2 км жылу желілерін қайта құрылымдау.
  • КПТҮ аспаптандыру жобасын аяқтау
  • Процестерді автоматтандыру, ДТБАЖ жобасын аяқтау, 272 млн теңге, 1С:ERP негізінде бизнес процестерді автоматтандыру жобасының 1-кезеңін орындау
  • Тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру
  • Нормативтен тыс ысыраптарға жол бермеу