Новости/Жаңалықтар


Последние новости компании и объявления для потребителей


Компанияның соңғы жаңалықтары және тұтынушылар ушін хабарландырулары

2020 жылдың 1-жартыжылдығына жария тыңдаулар туралы хабарландыру

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС 2020 жылғы 27 шілдеде сағат 16.00-де тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында жылу энергиясымен қамтамасыз ету және жабдықтау жөніндегі қызмет туралы 2020 жылғы 1 жартыжылдығы үшін жыл сайынғы есеп бойынша тыңдау өткізілетінін хабарлайды.


Ұйымның атауы: «Алматы жылу жүйесі» ЖШС.


Реттелетін қызметтердің түрі: жылу энергиясын беру, тарату және жабдықтау.


Табиғи монополия субъектісінің орналасқан жері: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 221.


Тыңдаудың өтетін күні мен орны: 2020 жылғы 27 шілдеде сағат 16.00-де Алматы қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында жария тыңдаулар ZOOM платформасында бейне-конференция форматында өткізілетін болады.


Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінен жария тыңдауларды күндізгі форматта өткізуге рұқсат алған жағдайда, ақпарат кәсіпорынның сайтында қосымша орналастырылатын болады.