Новости/Жаңалықтар


Последние новости компании и объявления для потребителей


Компанияның соңғы жаңалықтары және тұтынушылар ушін хабарландырулары

2021 жылғы инвестициялық бағдарламаны орындау бойынша «Алматы жылу жүйесі» ЖШС Алматы қаласының ТМРКД-мен бірлесіп баспасөз турын өткізді (октябрь 2021г.)

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС Алматы қаласы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаментінің қатысуымен «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-ның 2021 жылғы инвестициялық бағдарламаны орындау бойынша 2021 жылғы 22 қазанда баспасөз турын өткізді. 
Бүгінгі баспасөз туры М1ЮК жылу магистралінің (Медеу ауданындағы Жібек жолы көшесі, 68 тұрғын үйінде орналасқан) сорғы станциясында және «Алтай» ЖП-де (Түрксіб ауданындағы Наманған көшесі, 39а орналасқан) бак-аккумуляторларды қайта құрылымдау объектісінде өткізілді.
Аталған объектілерде жүргізілетін іс-шаралар шамамен 143 көппәтерлі тұрғын үй, 3 мектеп, 4 балабақша, 4 аурухана және іргелес аумақта орналасқан 36 басқа объект тұрғындарын сапалы жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл іс - шараның негізгі міндеті - Алматы қаласының жылу желілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, қаланы жылумен жабдықтау жүйесін дамыту, технологиялық учаскелер жұмысының тиімділігін арттыру, жылу желілері мен құрылыстарының пайдалану сапасын жақсарту және қызмет ету мерзімін ұзарту, заманауи материалдар мен жабдықтарды пайдалану нәтижесінде пайдалану шығындарын оңтайландыру. Сондай-ақ, жүргізіліп жатқан жұмыстар жылыту маусымы кезеңінде штаттан тыс жағдайлардың тәуекелдерін азайтуға әсер ететінін атап өткен жөн.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылы инвестициялық бағдарламаны іске асыру шеңберінде өз қаражатынан жалпы сомасы 960,4 миллион теңгеге магистральдық желілерде, бір сорғы станциясында және бак-аккумуляторларда жалпы ұзындығы шамамен 1,1 км болатын төрт объект бойынша жұмыстар жүргізілді.
Қайта құрылымдау қаланың төрт көшесінде жүргізілді: 
- Шағабұтдинов көшесі бойымен Қабанбай батыр көшесінен Жамбыл көшесіне дейін (Ду-125, 200 мм, 188 м);
- Шағабұтдинов көшесі бойымен Қарасай батыр көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін (Ду - 200 мм, 189 м);
- Досмұхамедов көшесі бойымен Жамбыл көшесінен және Шевченко көшесінің оңтүстігіне қарай (Ду-100, 200 мм, 253 м);
- Уәлиханов көшесі бойымен Мәметова көшесінен Әлімжанов көшесіне дейін (Ду-500 мм, 463 м).