Новости/Жаңалықтар


Последние новости компании и объявления для потребителей


Компанияның соңғы жаңалықтары және тұтынушылар ушін хабарландырулары

Алматы жылу жүйесі инвестициялық бағдарламаны орындау бойынша баспасөз турын өткізді

2018 жылдың 08 ақпанында «Алматы жылу жүйесі» ЖШС Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментімен, мәслихат депутаттарымен, сараптамалық кеңес мүшелерімен және Алматы қаласы әкімдігінің өкілдерімен бірлесіп қолданыстағы тарифтік сметада көзделген инвестициялық бағдарламаны іске асыру бойынша баспасөз турын өткізді. Баспасөз туры аясында бас директордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары А.А. Кунуспеков пен бас инженер Д.В. Кирдяйкиннің баяндамалары тыңдалды.


Баяндамадан, 2017 жылы өз қаражаты есебінен жалпы сомасы 2 140 103 мың теңгеге мынадай іс-шаралар іске асырылатындығын байқауға болады:

  • Ұзындығы 7 км 12 учаскені 1 146 253 мың теңгеге қайта құрылымдау;
  • 13 660 мың теңгеге 13 жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеу;
  • Жалпы сомасы 639 709 мың теңгеге 41 бірлік арнайы техника мен арнайы механизмдерді сатып алу;
  • 183 682 мың теңгеге жаңа тұтынушыларға қызмет көрсету орталығын (ТҚКО) салу;
  • 156 798 мың теңгеге басқа да негізгі құралдар.


Бұдан әрі, баяндамаларды тыңдағаннан кейін пресс-тур қатысушыларына инвестициялық салымдардың нәтижелері, яғни пайдалану бойынша сипаттамалары мен мақсатын толық түсіндіре отырып, сатып алынған арнайы техника мен арнайы механизмдер көрнекі көрсетілді. Сондай-ақ жаңадан салынған ТҚКО тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы бойынша экскурсия өткізілді.


Осылайша, шақырылғандар 2017 жылғы инвестициялық бағдарламаның 100% орындалғанына көз жеткізді.