Новости/Жаңалықтар


Последние новости компании и объявления для потребителей


Компанияның соңғы жаңалықтары және тұтынушылар ушін хабарландырулары

Алматы қаласының Медеу ауданында бір күнде үш көшенің қозғалысы ішінара шектеледі

2021 жылдың 21 маусым күні сағат 11.00-ден 22.00-ге дейін Алматы қаласының Медеу ауданында Зенков (Шевченко көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін оңтүстік бағытта), Қазыбек би (Достық даңғылынан Қалдаяқов көшесіне дейін шығыс бағытта) және Төле би (Уәлиханов көшесінен Пушкин көшесіне дейін шығыс бағытта) көшелерімен көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
Аталған көше сегменттерінің жүріс бөлігінің астынан өтетін жылу желілерінде авариялық жұмыстар жүргізу үшін уақытша шектеулер енгізіледі.
Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көрсетілген учаскелерді айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз.