Новости/Жаңалықтар


Последние новости компании и объявления для потребителей


Компанияның соңғы жаңалықтары және тұтынушылар ушін хабарландырулары

Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы бірқатар үйлер ыстық судан уақытша ажыратылады

Алматы қаласының Түрксіб ауданының аумағында орналасқан бірқатар тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарға ыстық су беру шектеледі: 


- 7-ші маусымнан 11-ші маусымға дейін мына көше контурларында: 

Сүйінбай-Қазақпаев-Беляков-Қожедуба;

Свердлов – Хабаровская – Таштитов – Орджоникидзе;

Сейфуллин – Терехин – Дулатов – Ақан Сері;

Клара Цеткина – Спасская – Қостанай-Нұрсая. 


- 7 маусым мен 18 маусым аралығында «Жұлдыз-2» ықшам ауданында, сондай-ақ

Рихард Зорге – Молдағалиев – Чехов – Ақан сері;

Лавренев-Дүнентаев көшелерінің контурларында.  


Шектеулер қазандықтардағы су жылыту жабдықтарын жөндеу жұмыстарына байланысты енгізіледі. 

Қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жоспарланған бұл іс-шаралар күзгі-қысқы кезеңде жылу энергиясын өндіру және тұтынушыларға беру процестеріндегі қауіптерді азайту үшін қажет. 

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.