Новости/Жаңалықтар


Последние новости компании и объявления для потребителей


Компанияның соңғы жаңалықтары және тұтынушылар ушін хабарландырулары

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС-ның Қазақстанның энергия және жылумен жабдықтау өкілдерімен бірлескен конференциясы

2017 жылғы 14 желтоқсан, бейсенбі күні Алматы қаласын жылумен жабдықтау жүйесінің проблемаларына және жалпы саланың даму перспективаларына арналған бірінші конференция өтті.


«Алматы жылу жүйесі» ЖШС Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп өткізген конференцияға Қазақстанның энергия және жылумен жабдықтау саласының өкілдері қатысты.


Жылу берушілердің диалог алаңына айналған іс-шараның негізгі мақсаты болды: жылумен жабдықтау саласындағы проблемалық мәселелерді белгілеу және оларды шешу жолдарын табу.


Диалог барысында жылумен жабдықтаудың өзекті мәселелері талқыланды, бірқатар мәселелер заңнамалық базаға арналды, ол қазіргі уақытта қолданыстағы нормативтік құжаттарға түзетулер енгізуді және пысықтауды талап етеді, мегаполистің өсуімен туындаған жылу қуатының тапшылығы мәселесі, сондай-ақ жылу есептеу аспаптарымен жабдықталған үйлердегі коммуналдық қызметтерді есептеуде белгілі бір қиындықтар туындады.


Өткізілген конференция – жылумен жабдықтау жүйесін одан әрі дамыту жоспарын әзірлеуге, жеткізуші мен соңғы тұтынушының өзара іс-қимылын реттеу үшін ҚР заңнамалық базасына түзетулер енгізу мүмкіндігін қарастыруға көмектесетін алғашқы қадам.


Конференцияға Алматы қаласы әкімінің орынбасары; Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы; «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы»; ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті; ҚР Ішкі істер министрлігі; Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және құқықтарды қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті; «ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ; «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы, Алматы қаласы бойынша Өңірлік палата; Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының энергетика ардагерлері; «Теплотранзит Караганда» ЖШС; «Павлодар жылу желілері» ЖШС; Алматы энергетика және байланыс университеті; «Алматы электр станциялары» АҚ; «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС; «Қазэнергоөнеркәсіптікғзжі институты» АҚ; «Қазақ Құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ; «Қазақ сантехпроект» ЖШС; «Алсеко» АҚ.