Новости/Жаңалықтар


Последние новости компании и объявления для потребителей


Компанияның соңғы жаңалықтары және тұтынушылар ушін хабарландырулары

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС жария тыңдауларда 2017 жылғы жыл сайынғы есепті қорытындылады

2018 жылғы 26 сәуірде тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында жылу энергиясын ұсыну және жабдықтау жөніндегі қызмет туралы 2017 жылғы жыл сайынғы есеп бойынша жария тыңдаулар өтті.

 

Есеп беруде «АлЖЖ» ЖШС-ның 2017 жылғы жылу энергиясымен жабдықтау және ұсыну бойынша қызметі туралы толық есеппен бас директордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары А.А. Кунуспеков сөз сөйледі. Баяндама барысында 2017 жылы қандай жұмыстардың жүргізілгені айтылды.

 

Талқылау барысында тыңдауға қатысушылар сындарлы ұсыныстар берді.

Қоғамдық тыңдауларға ТМРжБҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысының орынбасары, ТМРжБҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің тәуелсіз сарапшылары, Алматы қаласы Ардагерлер кеңесінің өкілдері, «АЖКЭ» ЖШС, «АЛЭС» АҚ өкілдері, «Алматы жылу жүйесі» ЖШС басшылығы және қала тұрғындары қатысты.