Новости/Жаңалықтар


Последние новости компании и объявления для потребителей


Компанияның соңғы жаңалықтары және тұтынушылар ушін хабарландырулары

Алматы жылу жүйесінде 2018 жылғы жыл сайынғы халық алдындағы есеп беру кездесуі өтті

19 сәуірде жұма күні тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында жылу энергиясын беру, тарату және жабдықтау жөніндегі кәсіпорынның қызметі туралы 2018 жылғы жыл сайынғы есеп бойынша тыңдау өтті.

 

Іс-шара барысында кәсіпорын басшылығы жыл қорытындысын шығарып, тұтынушылардың сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ алдағы қайта құрылымдау бойынша іс-шаралар жоспарын айтты.

 

Өткен 2018 жылы жалпы ұзындығы 8,9 км жылумен жабдықтау желілерінде қайта жаңарту жүргізілді (өз қаражаты есебінен – 2,3 км, «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша – 2,85 км және жергілікті бюджет есебінен – 3,73 км.). Өткізілген іс-шаралар жылумен жабдықтау желілерінің тозуын 61,3%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді, бұл өз кезегінде желілердегі авариялылықты төмендетеді, жылу энергиясының жылыстауын азайтады және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырады.

 

Ағымдағы жылы жылу желілерін қайта құру жоспарында шамамен 10 шақырым магистралды құбыр желісі ауыстырылуға жататындығын айта кету керек.

 

Алматының инженерлік желілерін жаңғыртудың жалпы жоспарына сәйкес келесі көшелерде:

  • Әйтеке би (Наурызбай батыр көшесінен Әди Шәріпов көшесіне дейін);
  • Ахметов (Майлин көшесінен Закарпатская көшесіне дейін);]
  • Төле би (Мұқанов көшесінен Розыбақиев көшесіне дейін және Садовников көшесінен Оытар көшесіне дейін);
  • Шөкин (Гоголь және Төле би көшелерінің қиылысындағы учаскелер).

 

Реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну бойынша «Алматы жылу жүйесі» ЖШС (бұдан әрі – «АлЖЖ» ЖШС) қызметі туралы есеп – 2018 жылдың қорытындысы бойынша негіздемелермен тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында жылу энергиясын беру, бөлу және жабдықтау.

1) Инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2019 жылғы 28 ақпандағы №61-НҚ бұйрығына сәйкес «АлЖЖ» ЖШС-ның инвестициялық бағдарламасы өз қаражаты есебінен бекітілді. 2018 жылға бекітілген инвестициялық бағдарламада 1 348 639 мың теңге сомасында іс-шаралар көзделген және толық көлемде орындалды.

 

Бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын іске асыру 1 348 639 мың теңге сомасына жүзеге асырылды.

 

Жобаның атауы

Өлшем бірлігі

2018 жылға жоспарланған,

мың теңге, ҚҚС-сыз

2018 жылғы нақты,

мың теңге, ҚҚС-сыз

1

Жылу желілерін қайта құрылымдау

2,3 км

635 361

635 361

2

Күрделі жөндеу (капиталдандыру)

комплекс работ

222 453

222 453

3

ЖСҚ әзірлеу

3 проекта

20 261

20 261

4

Мемлекеттік сараптама

13 проекта

9 787

9 787

5

Диспетчерлік технологиялық басқарудың автоматтандырылған жүйесі (ДТБАЖ)

1 ед.

354 813

354 813

6

Сорғылар, желдеткіш және дәнекерлеу жабдықтары, электр қозғалтқыштары

38 ед.

11 404

11 404

7

БӨАжА

3 ед.

4 158

4 158

8

Бағдарламалық жабдықтама және кеңсе техникасы

6 ед.

46 280

46 280

9

Тұтынушыларға арналған жиһаз

103 ед.

3 751

3 751

10

Ілгекті арматура

854 ед.

40 354

40 354

Барлығы:

1 348 639

1 348 639

2) «АлЖЖ» ЖШС қызметінің негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштері туралы

2019 жылы барлық кірістер 35,5 млрд  теңгені құрады, оның ішінде негізгі қызметтен түскен кіріс – 29,1 млрд теңге, өзге қызметтен түскен кіріс және өзге де кірістер – 6,4 млрд теңге, оның ішінде, өзара есеп айырысу есебінен кірістер («АлЭС» АҚ 1-ЖЭО жылу құбырын беру) 3,3 млрд теңге сомасына, 1,46 млрд теңге көлемінде өзге де кірістер (шығындарды өтеу, өсімақы, айыппұлдар, мемлекеттік баж, дебиторлық берешекті қайтару) және 1,65 млрд теңге сомасында мемлекеттік субсидия алу. «АлЖЖ» ЖШС-ның 2019 жылғы жалпы шығындары 39 млрд теңгені (ҚҚС-сыз) құрады.

 

Атауы 

2017 ж., млн теңге

2017 ж., млн теңге

Кірістер 

32 621    

40 804

Негізгі қызмет

30 372    

35 961

Өзге қызметтен түскен кірістер және өзге де кірістер 

2 249    

1 827

Субсидиялар 03 016

Шығыстар

39 127    

46 679

Жылу энергиясын сатып алу

29 077

35 968

ЕТҚ

2 511

2 728

Амортизация

2 843    

3 822

Электр энергиясы

1 038    

1 055

Жөндеу және материалдар

1 150  

674

Салықтар 

640    

806

Өзге қызмет бойынша шығыстар

924    

1 105

Өзге де шығыстар

944    

521

Шығын

-6 506    

-5 875 *

Шығындардың пайда болу себептері:

  • сараланған тарифтен болған шығын – 1,5 млрд теңге;
  • амортизациядан болған шығын – 1,9 млрд теңге;
  • нормативтен тыс ысыраптардан болған шығын – 2,4 млрд теңге.

 

3) Реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы

2018 жылы желіге жіберілген жылу энергиясының жалпы көлемі 7 млн 458 мың Гкал құрады: жылу энергиясын өткізу – 5 млн 930 мың Гкал, нормативтік ысыраптар – 1 млн 55 мың Гкал, нормативтен тыс ысыраптар – 351 мың Гкал.

 

4) Реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс туралы

«АлЖЖ» ЖШС тұтынушылармен дебиторлық берешекті өтеу бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. Берешекті өтеу талабымен дебиторларға шағымдар жіберіледі. 2018 жылы дебиторлық берешектің төмендеуі 2017 жылмен салыстырғанда 613 млн теңгені немесе 37%-ды құрады.

 

5) Бекітілген тарифтік сметаның баптар бойынша орындалуы туралы

2018 жылға жылу энергиясын беру, бөлу және жабдықтау қызметтерінің тарифтік сметасының орындалуы

 

Атауы 2018 жылға бекітілген тарифтік сметада көзделген, мың теңге.2018 жылғы тарифтік сметаның нақты қалыптасқан көрсеткіштері, мың теңге
IТауарларды өндіруге және қызметтерді ұсынуға арналған шығындар, барлығы10 043 294    

13 296 944

1

Материалдық шығындар, барлығы 

1 283 644    

1 286 843

Оның ішінде:
1.1

Шикізат және материалдар

61 554    

64 569

1.2

ЖЖМ

107 801    

143 164

1.3

Су және канализация

23 660    

24 085

1.4Энергия

1 090 629    

1 055 025

2

Еңбекке ақы төлеу шығыстары, барлығы

2 483 344    

2 517 872

3Амортизация

1 602 963    

3 814 697

4

Нормативтік ысыраптар шығыстары

3 981 499    

4 904 030

5Жөндеу 

518 210    

603 165

6

Салықтар (экологиялық төлемдер)

1 300    

1 164

7

Бөгде ұйымдардың қызметтері, барлығы

172 334    

169 173

II

Кезең шығыстары, барлығы

1 108 269    

1 173 622

9

Сыйақы төлеуге арналған шығыстар

4 921    

4 980

III

Қызметтерді ұсынуға арналған барлық шығындар

11 156 484    

14 475 546

IVПайда

400

0

V

Барлық кірістер

11 156 884    

14 475 546

VI

Көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі

5 750

5 931

VII

Нормативтік техникалық ысыраптар

1 056    

1 056

VIII

Тариф (ҚҚС-сыз)

1 940,33    

2 440,71

 

6) «АлЖЖ» ЖШС қызметінің перспективалары туралы

  • «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жылу желілерін қайта құрылымдау;
  • 1С:ERP негізінде бизнес процестерді автоматтандыру жобасының 1-кезеңін орындау
  • Жылумен қамтуға арналған шарттарды онлайн жасасу
  • Объектінің дайындық актісін алу процесін автоматтандыру
  • ЕЖА орнатуға онлайн өтінім