Новости/Жаңалықтар


Последние новости компании и объявления для потребителей


Компанияның соңғы жаңалықтары және тұтынушылар ушін хабарландырулары

Алматы жылу жүйесінде 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында халық алдындағы жылдық есеп бойынша жария тыңдаулар өтті

Алматы жылу жүйесінде 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында халық алдындағы жылдық есеп бойынша жария тыңдаулар өтті

 

Дүйсенбі күні, 2020 жылғы 27 шілдеде тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында жылу энергиясын беру, тарату және жабдықтау жөніндегі кәсіпорынның қызметі туралы 2020 жылғы бірінші жартыжылдықтың жыл сайынғы есебі бойынша тыңдаулар өтті.

 

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 19 шілдедегі «Алматы қаласының аумағында қатаң шектеу шараларын одан әрі өткізу туралы» №49 қаулысының 3 тармағы 1) тармақшасына сәйкес, меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда адамдар көп жиналатын жиналыстарды, кеңестерді, конференцияларды, форумдарды, семинарларды, съездерді, көрмелерді, тренингтерді, оқыту курстарын және басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салу сақталуда және коронавирустық инфекцияның таралуы мен карантиннің жалғасуы салдарынан қалыптасып отырған эпидемиологиялық жағдайға байланысты «Алматы жылу жүйесі» ЖШС (бұдан әрі – «АлЖЖ» ЖШС) ZOOM платформасында бейне-конференция форматында жария тыңдаулар өткізілді.

 

Реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну бойынша «АлЖЖ» ЖШС қызметі туралы есеп – 2020 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша негіздемелермен тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында жылу энергиясын беру, тарату және жабдықтау (бұдан әрі – Есеп)

 

1) «АлЖЖ» ЖШС жылу энергиясын беруді, таратуды және жабдықтауды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектісі болып табылады.

«Алматы электр станциялары» АҚ (1-ЖЭО, 2-ЖЭО, БЖК), «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС (85 қазандық) жылу көздерінен жылу энергиясын тасымалдауды қамтамасыз ету және Алматы қаласының тұтынушыларын жылытуға және ыстық сумен жабдықтауға жылу энергиясымен қамтамасыз ету «АлЖЖ» ЖШС-ның  негізгі қызметі болып табылады.

 

Жылу энергиясын беру, тарату және жеткізу қызметі реттелетін қызмет болып табылады.

 

Алматы қаласында – орталықтандырылған жылумен жабдықтаудың ашық жүйесі.

 

01.01.2020 жылғы жағдай бойынша «АлЖЖ» ЖШС  жылу желілерінің ұзындығы 1 241,4 км құрайды, оның ішінде:

  • Магистральды жылу желілері (МЖЖ) – 282,43 км;
  • Тарату жылу желілері (ТЖЖ) – 958,96 км.

 

Сорғы станцияларының саны 71 дана (жұмыс жасап тұрғаны – 67 дана), оның ішінде:

  • Магистральды сорғылар – 21 дана;
  • Тарату – 50 дана (жұмыс жасап тұрғаны – 46 дана)

 

25 жылдан астам жұмыс істеген жылу желілерінің үлесі 61,1%-ды (желілердің барлық ұзындығынан 758 км 1241,4 км) құрайды, бұл 2019 жылдың басына қарағанда 0,2%-ға төмен (61,3% – 738,8 км)

 

2) Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2020 жылғы 28 ақпандағы №09-НҚ бұйрығына сәйкес «АлЖЖ» ЖШС  инвестициялық бағдарламасы өз қаражаты есебінен бекітілді. 2020 жылға арналған бекітілген инвестициялық бағдарламада 3 046650 мың теңге сомасында іс-шаралар көзделген және 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 117 346,89 мың теңге сомасында орындалды.

ҚҚС-сыз

 

3) Бекітілген тарифтік сметаның баптар бойынша орындалуы туралы

2020 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша жылу энергиясын беру, тарату және жабдықтау қызметтерінің тарифтік сметасының орындалуы.

ҚҚС-сыз

 

№ п/пКөрсеткіштер атауыӨлшем бірлігіБекітілген тарифтік смета2020 жылдың 1 жартыжылдығындағы шұғыл деректер%Ескерту 
IТауарларды өндіруге және қызметтерді ұсынуға арналған шығындар, барлығы мың теңге9 774 750,9

6 956 729,5

29 
1

Материалдық шығындар, барлығы 

мың теңге

1 475 485,7

736 000,5

50 
Оның ішінде:
1.1

Шикізат және материалдар

мың теңге

65 936,4

26 632,2

60 
1.2

ЖЖМ

мың теңге

56 554,9

48 970,6

13

ЖЖМ-ді бір жылдың орташа бағасы бойынша есептен шығаруға байланысты (бағалар жоспарында шарттар бойынша көзделген)

1.3

Су және канализация

мың теңге

30 257,8

11 829,2

61 
1.4Энергия

мың теңге

1 322 736,6

648 568,5

51 
2

Еңбекке ақы төлеу шығыстары, барлығы

мың теңге

2 332 767,0

1 321 075,6

43 
3Амортизация

мың теңге

1 136 464,1

2 279 502,9

-101

Бекітілген амортизацияның нақты сәйкес келмеуі (жаңадан қабылданған желілер бойынша амортизацияны есептеу)

4

Нормативтік ысыраптар шығыстары

мың теңге

4 005 574,7

2 217 529,2

45

Көздер тарифін арттыру

5Жөндеу

мың теңге

690 007,3

234 065,9

66 
6

Салықтар (экологиялық төлемдер)

мың теңге

1 709,2

1 067,5

38

Қайта құрылымдалғаннан және жаңартылғаннан кейін теңгерімге алынған желілердің себеппен

7

Бөгде ұйымдардың қызметтері, барлығы

мың теңге

132 742,9

167 487,9

-26

«Сақтандыру» бабы бойынша штат санының ұлғаюына байланысты ұлғаюы, сондай-ақ 3 адамның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасуға байланысты олардың санын арттыру, сондай-ақ «ведомстводан тыс күзет қызметтері» бабы бойынша ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес террористік тұрғыдан осал 14 объект бойынша күзетті күшейту

II

Кезең шығыстары, барлығы

мың теңге

1 065 744,9

802 625,3

25 
9

Сыйақы төлеуге арналған шығыстар

мың теңге

8 426,8

0,0

100

«Нұрлы жол» Кредит шартының талаптарына сәйкес сыйақы төлеу жыл сайын желтоқсан айында жүргізіледі.

III

Қызметтерді ұсынуға арналған барлық шығындар

мың теңге

10 848 922,5

7 759 354,8

28 
IVПайда

мың теңге

32 299,5

0,0

100 
V

Барлық кірістер

мың теңге

10 874 209,2

7 759 354,8

29 
VI

Көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі

мың, Гкал

5 930,9

3 739,9

37 
VII

Нормативтік техникалық ысыраптар

мың, Гкал

1 032,6

576,2

15,3

 
VIII

Тариф (ҚҚС-сыз)

теңге / Гкал

1 833,5

2 074,7

  

 

4) Реттеліп көрсетілетін қызметтің сапа және сенімділік көрсеткіштері туралы:

19.11.2019 ж. №90 Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 1-параграфының 7-тармағының негізінде тарифті қалыптастыру кезінде табиғи монополиялар салаларын тарифтік реттеудің мынадай әдістері қолданылады:

  • тарифтік реттеудің шығындық «шығындық әдісі – субъектінің баптан кейінгі айқындалған, экономикалық негізделген шығындары мен пайдасына қарай тарифті қалыптастыру әдісі»;
  • ынталандырушы «тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісі – реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа көрсеткіштері мен сенімділігін сақтауға және субъектілер қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуге байланысты тарифті қалыптастыру әдісі»;
  • индекстеу
  • жасалған мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты негізінде тарифті айқындау жасалған мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты негізінде тарифті айқындау әдісінің қолданылуын ескере отырып, тарифті есептеу.
  • «АлЖЖ» ЖШС үшін 2017 жылғы 21 ақпандағы №23-НҚ бұйрықпен тарифтің және тарифтік сметаның шығынды әдіспен бес жылдық шекті деңгейі бекітілді, осыған байланысты «АлЖЖ» ЖШС үшін 2019 жылғы 13 тамыздағы №73 Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларының 13-тарауында жазылған реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігінің көрсеткіштері бекітілмеген.

 

5) Табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы:

2019 жылғы 13 тамыздағы №73 Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларының 13-тарауының 324-тармағына сәйкес «Заңның 15-бабының 7-тармағына сәйкес, тарифтерді бекітуге өтінім берген кезде оған негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштерінің жобалары қоса беріледі. Бұл ретте Заңның 15-бабының 9-тармағында «Тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдана отырып тарифті бекіту кезінде өтінімге 1), 3), 4), 6), 7), 9), 10), 13), 14) және 15) тармақшаларда көзделген құжаттар қоса беріледі, негіздейтін материалдарды қоса бере отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштерінің жобаларын бекітуге жол берілмейді»  деп жазылған.

 

«АлЖЖ» ЖШС үшін есептің 4-тармағында бұрын көрсетілгендей, 2017 жылғы 21 ақпандағы №23-НҚ бұйрығымен тарифтің және тарифтік сметаның бес жылдық шекті деңгейі шығынды әдіспен бекітілді, осыған байланысты «АлЖЖ» ЖШС үшін 2019 жылғы 13 тамыздағы №73 Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларының 10-тарауында жазылған табиғи монополиялар субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштері бекітілмеген.

 

6) «АлЖЖ» ЖШС қызметінің негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштері туралы

 

Атауы 

Өлшем бірлігі

2019 жылдың 1 жартыжылдығы

2020 жылдың 1 жартыжылдығындағы шұғыл деректер

Кірістердің барлығы

млн. тг

22 677

25 028

Негізгі қызметтен

млн. тг

17 277

20 521

Өзге қызметтен және өзгелерден

млн. тг

474

464

Субсидиялардан

млн. тг

1 650

4 044

«АЛЭС» АҚ 1-ЖЭО жылу шықпаларын беру

млн. тг

3 276

0

Шығыстардың барлығы

млн. тг

23 606

21 260

Ж/э және ХТС сатып алу

млн. тг

13 999

15 198

ЕТҚ

млн. тг

1 685

1 438

Амортизация

млн. тг

2 082

2 280

Электр энергиясы

млн. тг

498

649

Жөндеу және материалдар

млн. тг

384

312

Салықтар

млн. тг

410

586

Өзге қызмет бойынша шығыстар

млн. тг

426

202

Өзге де шығыстар

млн. тг

847

596

«АЛЭС» АҚ 1-ЖЭО жылу шықпасын беру

млн. тг

3 276

0

Пайда (Шығын)

млн. тг

-929

3 768

 

7) Реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы

2020 жылдың 1 жартыжылдығында желіге жіберілген жылу энергиясының жалпы көлемі 3 млн 902 мың Гкал құрады: жылу энергиясын сату – 3 млн 740 мың Гкал, нормативтік ысыраптар – 576 мың Гкал, коммуналдық жылу желілері бойынша нормативтік ысыраптар – 58 мың Гкал, нормативтен тыс ысыраптар – (-481 мың Гкал), шаруашылық қажеттіліктер – 9 мың Гкал.

 

8) Реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс туралы

  • Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұтынушылардан келіп түскен өтініштер саны 4%-ға артты, қызмет көрсету орталықтарында тұтынушыларды қабылдау 45%-ға азайды, Call-center арқылы қабылданған қоңыраулар саны 20%-ға артты. Коронавирустың таралу қаупіне байланысты төтенше жағдай мен карантин режимінің енгізілуіне байланысты тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтары онлайн жұмыс режиміне ауыстырылды.
  • ТҚКО-ларда қызмет көрсетудің толықтығын қамтамасыз ету мақсатында персонал жұмысының икемді кестесі (оның ішінде онлайн-режим) көзделген.
  • Тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптарынан (ҮОЖЭЕА) көрсеткіштерді қашықтықтан алатын жабдықтау жобасын іске асыру жалғасуда;
  • Ыстық судың жеке есептеу аспаптарынан (ЕЖА) көрсеткіштерді алу процесін оңтайландыру және тұтынушылар үшін ыңғайлы болу мақсатында ыстық және суық судың ЕЖА («АлЖЖ» ЖШС және «Алматы Су» ШЖҚ МКК) көрсеткіштерін бірлесіп алу жүзеге асырылады.
  • ТЖ режимі мен карантиннің енгізілуіне байланысты (коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында) ЫСЖ ЖЕА-дан көрсеткіштерді алу бойынша жұмыстар ішінара жүзеге асырылады.
  • ТҚКО ақпараттық стендтерінде және сайтта қызметтер көрсетуге қатысты кеңейтілген ақпарат, өтініштердің үлгілері мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылған, сондай-ақ инфекцияның таралуының алдын алу шаралары бойынша ақпарат орналастырылған.
  • Кәсіпорынның сайты жұмыс істейді, тұтынушылардың өтініштерін уақытылы өңдеу мақсатында интернет-ресурстар іске қосылған.
  • 2020 жылдың 1 жартыжылдығында келіп түскен қоңыраулардың саны 2019 жылдың 1 жартыжылдығынан асады, себебі байланыс орталығының тәулік бойы жұмыс істеуі және карантинге байланысты тұтынушыларға қашықтықтан қызмет көрсетуге байланысты. 2020 жылдың 1 жартыжылдығында барлығы қабылданды: қоңыраулар – 68 039; хабарламалар – 3 406; шағымдар – 13.
  • Тұтынушылар WhatsApp мессенджері арқылы айғақтарды белсенді түрде жібере бастады.
  • 2020 жылдың 1 жартыжылдығында тұтынушыларға «АлЖЖ» ЖШС күшімен ЕЖА (ЫСЖ) 972 бірлік орнатылды;
  • Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 23 наурыздағы тапсырмасын және Алматы қаласы бойынша ТМРКД-ның тапсырмасын орындау мақсатында «АлЖЖ» ЖШС 2020 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіле отырып, жылу көздерінің тарифтерін төмендетпей, 2020 жылғы 3 сәуірдегі №Б-0136/20 және №Б-0135/20 ішкі бұйрықтармен төтенше жағдай және карантин кезеңінде «Халық» тұтынушылар тобы үшін ыстық сумен жабдықтауға арналған жылу энергиясымен жабдықтау қызметтері бойынша төмендетілген тарифтерді бекітті.
  • ХӘОТ жылумен жабдықтау қызметтеріне ақы төлеу бойынша 349 млн теңге сомасына өтеу.

 

9) «АлЖЖ» ЖШС жылу энергиясын беру, тарату және жабдықтау жөніндегі қызметінің перспективалары (даму жоспарлары), пайдасы/залалдары туралы

Кәсіпорын бес жылдық тариф бекітілген сәттен бастап (2017 жылдан бастап) жыл сайын теріс нәтиже көрсетіп келеді, бұл жылу көздері («АлЭС» АҚ және «АЖКЭ» ЖШС) алдындағы кредиторлық берешектің өсуіне алып келеді. Кәсіпорынның теріс қаржылық нәтижесінің негізгі себебі, бір жағынан, қолданыстағы тарифтің нақты шығындарға сәйкес келмеуі (мысалы, жылу көздерінен жылу энергиясын сатып алу үлесінің өзгеруі, қалада аспаптандыру жобасының аяқталуы нәтижесінде үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар санының азаюы, кәсіпорынның теңгеріміне жаңадан пайдалануға берілетін немесе желілердің теңгеріміне берілетін желілер есебінен шығындар бабының ұлғаюы), ал екінші жағынан, тарифтің өсуін тежеу болып табылады. Тиісінше, кәсіпорын тарифті төмендетуді жоспарламайды, тарифті қайта қарау 2022 жылы Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес, яғни 2017 жылғы 21 ақпандағы №23-НҚ бұйрығымен бекітілген бес жылдық тарифтің қолданылуы аяқталғаннан кейін жүзеге асырылатын болады.

Ағымдағы сәтте 18.03.2020 жылғы №19-НҚ бұйрығымен «АлЖЖ» ЖШС үшін 01.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізе отырып, бір жыл мерзімге уақытша өтемдік тариф енгізілді.