Новости/Жаңалықтар


Последние новости компании и объявления для потребителей


Компанияның соңғы жаңалықтары және тұтынушылар ушін хабарландырулары

Алматыда Құрманғазы көшесінің бір бөлігінде жол жүруге шектеу қойылады

2022 жылы 17 маусым сағат 22.00-ден 19 маусым 06.00-ге дейін Алматы қаласының Медеу ауданында Құрманғазы көшесінің бойымен Пушкин көшесінен Достық даңғылына дейін, одан әрі Достық даңғылынан Зенков көшесіне дейін көлік құралдары үшін қозғалыс жабылады.
Бұл ретте Достық-Құрманғазы қиылысында көлік қозғалысы ашық болады.

Уақытша шектеулер осы көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін құбырды ауыстыруға байланысты енгізіледі.

Жұмыс жүргізу барысында тұрғындарға ыстық су беру сақталады. 

Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көрсетілген учаскені айналып өту схемасын алдын ала қарастыруыңызды сұраймыз.