Новости/Жаңалықтар


Последние новости компании и объявления для потребителей


Компанияның соңғы жаңалықтары және тұтынушылар ушін хабарландырулары

Алматыда Сүлейменов көшесіндегі көлік қозғалысы түнде ішінара шектеледі

4 маусым сағат 22.00-ден 5 маусым сағат 9.00-ге дейін Әуезов ауданында Сүлейменов көшесі бойымен оңтүстік бағытта Талды-Қорған көшесінен Пятницкий көшесіне дейін көлік қозғалысы шектеледі. 

Аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін жылу желілерінде авариялық жұмыстар жүргізу үшін уақытша шектеулер енгізіледі. 

Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз.