Новости/Жаңалықтар


Последние новости компании и объявления для потребителей


Компанияның соңғы жаңалықтары және тұтынушылар ушін хабарландырулары

«АлЖЖ» ЖШС-ы ЫСЖ ЖЕА ауыстыру мерзімі туралы хабарлай отырып, тұтынушыларға қоңырау шала ма?

Кәсіпорын қызметкерлері тұтынушыларға қоңырау шалмайды және есепке алу аспабын (санауышты) ауыстыруды ұсынбайды. 
Тексеру мерзімі келгенде, «Алсеко» түбіртегінде есепке алу аспабының (санауыштың) қолданылу мерзімі аяқталатын күнге дейін үш ай бұрын және үш ай ішінде «ыстық су» бағанында ЫСЖ ЖЕА қолданылу мерзімінің аяқталуы туралы хабарлама жазылады. 

Егер түбіртекте мұндай хабарлама болмаса, бірақ олар сізге қоңырау шалып, есепке алу аспапты (санауышты) ауыстыруды ұсынса не істеу керек? 

Бұл жағдайда тұтынушыға есепке алу аспабына (санауышқа) берілген құжаттарын ашып қарап және тексеру күнін қарауға кеңес береміз, сондай-ақ, «alts.kz» сайтында «Есепке алу  аспаптарды тексеру» бөліміне  кіріп жеке шоттың нөмірін енгізіп және сол жерден есепке алу аспабының (санауыштың) мерзімі аяқталалатын күнді қараңыз.