Новости/Жаңалықтар


Последние новости компании и объявления для потребителей


Компанияның соңғы жаңалықтары және тұтынушылар ушін хабарландырулары

Бақылаушы пәтерлерді не үшін аралайды және оның шынымен Кәсіпорынның қызметкері екенін қалай білуге болады

Коммуналдық қызметтерді бақылаушылар мен тұтынушылардың қарым-қатынасында түсініспеушіліктер бар екенін тәжірибе көрсетіп отыр.
Бақылаушылар өз міндеттерін орындайды, бірақ тұрғындар олардың аумағына негізсіз басып кіреді деп санайды. Олардың қайсысының дұрыс екенін талқылап көрейік.
 
Коммуналдық қызметтерді бақылаушылар әдетте есептегіштің дұрыс жұмыс істеуін бақылау үшін пәтерлерді аралайды.
Ыстық суды есептейтін жеке аспаптардан көрсеткіштерді алу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Бақылаушы кемінде үш айда бір рет тексеру жүргізеді.
Есепке алатын аспаптарды тексеру кезінде бақылаушы олардың көрсеткіштерін алады, есепке алатын аспапта және су өлшеу торабының айналма желісінде және қызмет көрсетуші пломбалаған басқа құрылғыларда орнатылған ысырмада пломбалардың болуын және бүтіндігін тексереді.
Сонымен қатар, аралау кезінде тұтынушылар өз бетінше алып беретін есепке алатын аспаптарының көрсеткіштерін алу дұрыстығын бақылайды. Аспаптан  көрсеткіштерді бермейтін, есептеулер орташа есеп бойынша жүргізілетін жағдайлар кездеседі, есептеулерді ретке келтіру және дұрыс төлемді ұсыну үшін бақылаушы көрсеткіштерді белгілейді.
Жоғарыда аталған барлық әрекеттер «Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 3-параграфының 53 және 54-тармақтарында реттеледі және жазылады.
Құрылғыдан көрсеткіштерді алу үшін жіберілген қызметкерді анықтауға болады:
1. «АлЖЖ» ЖШС және ШЖҚ «Алматы Су» МКК қызметкерінің мөр басылған және жарамдылық мерзімі бар екі жақты бейджі болған жағдайда.
2. + 7 727 341 07 77 (ішкі 4444) және (ішкі 2408) телефоны арқылы хабарласу арқылы.
3. alts.kz сайтындағы «Тұтынушыға» - «бақылаушылар» бөлімінде көрсеткіштерді алу жөніндегі бақылаушылардың фотосуреттерін қарап шығу арқылы.