Новости/Жаңалықтар


Последние новости компании и объявления для потребителей


Компанияның соңғы жаңалықтары және тұтынушылар ушін хабарландырулары

Маңызды! ЕЖА-ны ауыстыру/тексеру туралы!

Құрметті тұтынушылар!


Есепке алатын жеке аспапты тексеру мерзімінің 12.05.2020 жылғы «Ыстық су есептегіштері үшін бірыңғай тексеру интервалын бекіту туралы» № 158-НҚ бұйрығымен бекітілгеніне назар аударамыз.
Көрсетілген бұйрыққа сәйкес тексеру интервалы 5 жыл.
Егер сізге үшінші тұлғалардан есепке алатын жеке аспапты тексеру немесе ауыстыру туралы қоңыраулар келіп түссе, ЕЖА (есепке алатын жеке аспаптың) паспортында өзіңіздің жеке аспабыңызды тексеру мерзімін тексеру немесе alts.kz сайтындағы «Есептейтін аспапты тексеру» бөліміне кіріп, кезекті тексеру күнін нақтылау қажет.
Бұл шаралар ЕЖА-ны белгіленген мерзімнен бұрын ауыстырудың алдын алуға көмектеседі.


Суық және ыстық су есептегіштері үшін бірыңғай тексеру интервалын бекіту туралы бұйрық.

         

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС ыстық/ суық судың есепке алатын жеке аспапты (ЕЖА) ауыстыру бойынша қызмет көрсетеді.
Есепке алатын жеке аспапты ауыстыру үшін Байзақов көшесі, 221-үй,  216-кабинетке келіп өтініш беру қажет (2-қабат сол қанат). Сондай-ақ өтінімді мына телефон арқылы беруге болады: 3410700, 3410777 (ішкі  2214, 2151, 2169, 2113, 2126), 87072610551.
«АлЖЖ» ЖШС-ға есептеу аспапты ауыстыру үшін жүгінген кезде сіз келесі қызметтер кешенін аласыз: ескі есептеу аспапты бөлшектеу; жаңа есептеу аспапты монтаждау; ЕА алу актісін ресімдеу; пломбаласы бар жаңа ЕА-ға рұқсат беру актісін ресімдеу.
Жеке есептеу аспаптың құны – 6 485,00 теңге (ҚҚС есебімен).
* Есепке алатын жеке аспапты ауыстыру абонент осы қызметтерді орындағаны үшін толық құнын «АлЖЖ»ЖШС кассасына төлегеннен кейін ғана жүзеге асырылады.