Новости/Жаңалықтар
Новости/Жаңалықтар
Последние новости компании и объявления для потребителей
Компанияның соңғы жаңалықтары және тұтынушылар ушін хабарландырулары
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС 2021 жылғы 30 шілдеде сағат 16.00-де тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалардың алдында жылу энергиясымен қамтамасыз ету және ұсыну жөніндегі қызмет туралы 2021 жылдың І жарты жылдығына жыл сайынғы есеп беру бойынша тыңдаулар өткізілетіндігін хабарлайды.
Ұйымның атауы: «Алматы жылу жүйесі» ЖШС.
Реттелетін қызметтердің түрі: Жылу энергиясын беру, тарату және жабдықтау.
Табиғи монополия субъектісінің орналасқан жері: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 221.
Тыңдаулар өткізілетін күн мен орын: Алматы қаласы тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында көпшілік тыңдаулар 2021 жылғы 30 шілде сағат 16.00-де ZOOM платформасында бейне-конференция форматында өткізіледі.
Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінен ашық тыңдауларды тікелей өткізуге рұқсат алған жағдайда, ол туралы ақпарат қосымша Кәсіпорынның сайтына орналастырылатын болады.