Новости/Жаңалықтар


Последние новости компании и объявления для потребителей


Компанияның соңғы жаңалықтары және тұтынушылар ушін хабарландырулары

Семинар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту»

Бүгін, 2021 жылдың 15 маусымында «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту» тақырыбына арналған семинар өтті.  
Семинарды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Ақпараттық-насихаттау штаб басшысының орынбасары Бижанова Шолпан Сериковна өткізді. 
Семинар барысында спикер сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған негізгі жаңалықтар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру тетіктері, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл және алдын алу туралы айтып берді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту Мемлекет басшысының Жолдауының басты бағыттарының бірі болып табылады. 
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС-да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту бойынша барабар шаралар қабылданатынын атап өту маңызды. Сыбайлас жемқорлық факторларының алдын алу үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау тұрақты түрде жүргізіледі. 
Ішкі қауіпсіздікті бақылау қызметінде сенім телефоны орнатылған, оған Кәсіпорын қызметкерінің өзі де, сондай-ақ кез келген лауазымды тұлғаның дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы туралы ақпараты болса, қала тұрғыны да хабарласа алады. 
Бұдан басқа, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын ескере отырып (16-б., 3-т.), Кәсіпорында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын қызмет құрылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Кәсіпорын қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады.