Новости/Жаңалықтар


Последние новости компании и объявления для потребителей


Компанияның соңғы жаңалықтары және тұтынушылар ушін хабарландырулары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық: АлЖЖ қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негіздеріне оқытудың үздіксіз процесі

Әрбір азаматтың жауапкершілігі -

бұл Қазақстан Республикасының Заңын сақтау


2022 жылғы 14 наурызда Алматы жылу жүйесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс - қызметі қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бойынша іс-шара ұйымдастырды. Бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың маңызды бағытында алдын алу бұрын-соңды болмағандай маңызды. Комплаенс - қызметі өткізетін іс-шара қоғамдық сананы өзгертуге және сыбайлас жемқорлық көріністеріне теріс қатынасты қалыптастыруға көмектеседі. Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез келген түрін көрсетуге төзбеушілік жағдайы құрылуы тиіс. Сонымен қатар, шаралардың тиімділігі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің құзыретін кеңейту және тиісті білім беру бағдарламаларын енгізе отырып, комплаенс-мамандар нарығын дамыту қажет.

Аталған іс-шараға Кәсіпорын басшылығы, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің басшылары шақырылды

Іс-шара барысында «АлЖЖ» ЖШС СЖҚКҚ қызметкерлері «2022-2026 жылдарға арналған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының» тұсаукесерін өткізді (Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен бекітілген). Квазимемлекеттік сектор мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметіне қатысты Тұжырымдама бөлімдеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдау аясында адал бизнесті ынталандыру өзекті болып табылатыны атап өтілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты ерікті түрде имплементациялау осы бағыттағы пәрменді шара болып табылады. Оның құрамдас бөлігі ретінде компаниялар мен олардың персоналының қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөніндегі нақты шаралармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ішкі бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру практикасын көздеу маңызды.