Новости/Жаңалықтар


Последние новости компании и объявления для потребителей


Компанияның соңғы жаңалықтары және тұтынушылар ушін хабарландырулары

ТМРК Алматы қ. бойынша департаменті 2022-2026 жылдар ұзақ мерзімді кезеңге жылу энергиясын беру, бөлу және жабдықтау қызметтеріне тарифтердің шекті деңгейінің жобасы бойынша жария тыңдаулар өткізді

2021 жылғы 25 қазанда Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті 2022-2026 жылдар ұзақ мерзімді кезеңге жылу энергиясын беру, бөлу және жабдықтау қызметтеріне арналған тарифтердің шекті деңгейінің жобасын қарау бойынша жария тыңдау өткізді.
Кәсіпорын тарапынан 2022-2026 жылдарға арналған тарифтердің шекті деңгейлерін бекітуге өтінім монополияға қарсы ведомствоға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті 2017-2021 жылдарға бекіткен тарифтердің алдыңғы шекті деңгейлерінің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты, сондай-ақ 2021 жылы жылу өндіруші ұйымдар тарифтің қарауына берген өтінімдерге байланысты берілді, жаңа жылу желілерін кәсіпорын теңгеріміне қабылдауға байланысты өндірушілерден сатып алынатын жылу энергиясына тарифті ұлғайтуға және «Салық төлемдері» бабының нақты деңгейіне сәйкес келтіруге сәйкес «Нормативтік техникалық ысыраптар» бабы бойынша шығыстарды сөзсіз арттыру.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығымен бекітілген тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 3-бөлімінің 24-тармағына сәйкес уәкілетті органның ведомствосы, яғни Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті жария тыңдаулар өткізу кезінде субъект ұсынған тариф пен тарифтік сметаның жобаларын талқылауға шығарады.
Монополияға қарсы ведомство жаңа тарифтер бойынша шешімді келесі айдың соңына дейін қабылдайды. Қабылданған шешімнің нәтижесі бойынша тариф 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі. Тарифтегі өзгерістер туралы тұтынушыларға 30 күнтізбелік күн бұрын хабарланатын болады.