Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221 

8:00 - 17:00

Дс – Жм

8:00 - 17:00

Пн – Пт

  • Басты

Тарихы


Біз компанияның қағидаларын ұстанамыз, тарихты құрметтейміз және

тарихты күн сайын жасаймыз

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС – Алматы қаласының жылу энергетикалық кешенінің негізгі буындарының бірі. Кәсіпорынның негізгі миссиясы – жоғары экологиялық және технологиялық стандарттарға жауап беретін озық технологиялар мен жабдықтарды қолдана отырып, тұтынушыларды жылу энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету.

Жылу желілерінің құрылу және даму тарихы 1960 жылдан басталады, ол кезде бірыңғай жоба бойынша 1-ЖЭО жылу желілерінің құрылысы басталған болатын. 1962 жылдың соңына қарай жылу желілері 9 өнеркәсіптік және 180 тұрғын үй ғимаратын жылумен қамтамасыз етті, желілердің ұзындығы 19,1 км құрады.

2020 жылға магистральдық және тарату желілерінің жалпы ұзындығы 1241 км құрайды, 99 сорғы станциясы салынды және пайдалануға берілді. Жеті пайдалану ауданы кәсіпорынның негізгі өндірістік бірлігі болып табылады. Кәсіпорын 394472-ден астам абонентке қызмет көрсетеді.