Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Бас директор жылу желілерін жаңғырту жұмыстарының аяқталу барысын тексерді

Аралап тексеру барысында кәсіпорын басшысы мына объектілерге барып қайтты.

  • Розыбакиев — Шевченко — Жамбыл — Радостовец көшелерінің квадратындағы 1982 ж. пайдалануға берілген жылу желілерін жаңғырту, 2 көппәтерлі тұрғын үйді, 1 мектепті, 1 емхананы және басқа да 5 объектіні жылумен қамтамасыз етеді. Объектінің жалпы ұзақтығы 821 м (биыл 120м, 2027 жылға ауысады)
  • 1980ж. пайдалануға берілген Тұрғыт Өзал көш., 59, 82а бойындағы жылу желілерін жаңғырту, 11 көппәтерлі тұрғын үйді және басқа да 1 объектіні жылумен қамтамасыз етеді. Объектінің жалпы ұзақтығы 750 м (биыл 100м, 2027 жылға ауысады);
  • 1980ж. пайдалануға берілген, ТК-11/18 бастап 5-ші шағын аудандағы № 30 тұрғын үйге дейінгі жылу желілерін жаңғырту 13 көппәтерлі тұрғын үйді, 1 мектепті және 3 балабақшаны жылумен қамтамасыз етеді. Объектінің жалпы ұзақтығы 821 м (биыл 0,5 км, 2027 жылға ауысады);

Әр объектіде бас директор жаңғыртуды аяқтаудың ағымдағы ахуалын тексерді.

Бекітілген мерзімдерден артта қалуға жол бермеуге ерекше көңіл бөлінді.

Мердігер ұйымдарға жоспарланған жұмыс көлемін белгіленген мерзімде аяқтау үшін оларды уақтылы және сапалы орындау қажеттігі туралы баса айтылды.

2026 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС