Кәсіпорын қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмау бөлігінде жауапкершілікті арттыру мақсатында 2022 жылғы 2 қарашада «АлЖЖ» ЖШС СЖК қызметінің қызметкерлері «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл және алдын алу бойынша күресті күшейту» тақырыбында іс-шара өткізді.
Семинарға қатысушыларға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы жадынама» презентациясы ұсынылды. Презентация барысында келесі ұғымдарға түсіндірмелер берілді:
— сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар;
— пара алу;
— пара беру;
— «пара» ұғымына не кіреді;
— пара алу және беру үшін жауапкершілік.
Семинар қорытындысында пара ұсыну немесе бопсалау кезіндегі қажетті әрекеттер мен шаралар қамтылды.