
Сапа және энергия менеджмент
— Кәсіпорын саясаты
— Сертификаттар
«АЛМАТЫ ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІ» ЖШС-ның
САПА ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІК САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС-де ҚР СТ ISO 9001 және ҚР СТ ISO 50001 талаптарына сәйкес сапа менеджменті және энергетикалық менеджмент жүйелері әзірленіп, енгізілді және қолданыла бастады.
БІЗДІҢ МАҚСАТЫМЫЗ
Жылу инфрақұрылымын тиімді басқару және жаңғырту, энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану және Кәсіпорынды тұрақты дамыту есебінен Алматы қаласын сенімді, қауіпсіз әрі сапалы жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету.
БІЗДІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫМЫЗ
- ТҰТЫНУШЫ – сапа және сенімділік:
Біздің қызметіміз қала тұрғындарының мүдделеріне бағытталған. Біздің міндетіміз – үздіксіз жылумен жабдықтау, өтініштерге орай тез әрекет ету және қызмет көрсету сапасын үнемі арттырып отыру.
- ЭНЕРГИЯ – тиімділік және үнем:
Біз энергия ресурстарын ұқыптап пайдаланамыз, жылу ысыраптарын азайтамыз, жабдықтардың жұмысын оңтайландырамыз және заманауи энергия үнемдеу технологияларын енгіземіз.
- АДАМДАР – қауіпсіздік және кәсіпқойлық:
Біз қауіпсіз еңбек жағдайларын жасаймыз, персоналды оқытамыз және Кәсіпорынды жақсарту үдерісіне жұмыскерлерді тартамыз.
БІЗДІҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІМІЗ
Кәсіпорын басшылығы мен ұжымы:
- өз қызметі саласындағы заңнамалық, нормативтік құқықтық және басқа да міндетті талаптарды сақтауға;
- жылу желілері мен жабдықтарын тұрақты түрде жаңартып тұруға;
- қажетті ресурстарды бөлуге және алға қойылған міндеттерді орындау үшін ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуге;
- энергия тұтынуды азайтуға жағдай жасайтын энергиялық тиімді жабдықтарды, материалдарды және қызметтерді сатып алуға;
- дәлме-дәл деректердің, базалық энергия тұтыну көрсеткіштерін талдаудың және ықтимал тәуекелдерді бағалаудың негізінде шешім қабылдауға;
- сапа және энергия үнемдеу саласында түсінікті және өлшенетін мақсаттарды белгілеуге, олардың орындалуына үнемі талдау жасауға және қажет болғанда жаңартып тұруға міндеттенеді.
Кәсіпорын басшылығы осы Саясатты іске асыру, оны жұмыскерлер мен мүдделі тараптардың назарына жеткізу, оның өзектілігін сақтап тұру және сапа менеджменті мен энергетикалық менеджмент жүйесінің нәтижелілігін үздіксіз жақсартып тұру үшін жауапкершілікті өзіне алады.
Кәсіпорынның әр жұмыскері өз құзыреті шегінде осы Саясатты іске асыруға және алға қойылған мақсаттарға жетуге қатысады.




