Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Оқу орталығы

Біздің миссиямыз жұмысшы мамандықтар мамандарының дамуына және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасай отырып, оларды жоғары сапалы оқытуды және үздіксіз кәсіби даярлауды қамтамасыз ету.

Біз тыңдаушыларымызды өз кәсібінің саласындағы міндеттерді тиімді орындауы үшін қажетті біліммен және дағдылармен қамтамасыз ете отырып, үздіксіз кәсіби өсуі үшін жағдай жасауға ұмтыламыз.

Оқу орталығы

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС Оқу орталығы инженерлік-техникалық жұмыскерлер мен жұмысшы ұйымдар үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарын куәлік бере отырып өткізеді.

Даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстары келесі жұмысшы мамандықтар бойынша өткізіледі:

  • Жылу желілерінің слесарі
  • Сорғы қондырғыларының машинисі;
  • Электр-газбен дәнекерлеуші;
  • Электрмонтер.

​​​​​​

Оқу орталығының даму тарихы

2013 жылдың қазанында «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-ң персоналмен жұмыс жасау басқармасының құрамында оқу орталығы құрылды. Ол Алматы жылу жүйесінің өндірістік базасында ашылды.

2013 жылдың желтоқсанында Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат алынды

2015 жылдың маусымынан бастап мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы шеттегі ұйымдар үшін оқу өткізіледі

2017 жылдың мамырында «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-ң заманауи оқу талаптарына сай жаңа оқу орталығы ашылды.

2019 жылдың наурызында Оқу орталығы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары мен нормаларына сәйкестігін растау үшін сараптамадан өтті. Оның нәтижелері бойынша осы салада қызметін жүзеге асыру мүмкіндігі расталды, сондай-ақ растама ретінде Аттестат берілді.

2024 жылдың наурызында қайта сараптама өткізіліп, оның қорытындылары бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге құқығы сәтті расталып, жаңа Аттестат алынды.

2025 жылдың мамырында Оқу орталығы халықаралық институционалдық аккредиттеу рәсімінен сәтті өтіп, білім беру қызметінің халықаралық сапа талаптарына сәйкестігін растайтын Куәлікке ие болды.

Оқу орталығының тыныс-тіршілігі

Корпоративтік оқыту

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС-де кәсіпорын қызметкерлері үшін корпоративтік оқыту жүргізіледі. Сабақтарды жылу-энергетикалық салада практикалық білімдері бар кәсіпорынның тәжірибелі қызметкерлері өткізеді. Курстардың тақырыптамасы жұмыскерлердің сұрауларының негізінде қалыптастырылған, бұл оқудың мазмұнын өндірістік үдерістің нақты қажеттіліктеріне сәйкес барынша бейімдеуге мүмкіндік береді.

Жұмысшы мамандықтарды дәріптеу

2025 жылдың 16 мамырында Жұмысшы мамандықтар жылының аясында «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-ң Оқу орталығында Ашық есік күні өткізілді. Іс-шараға қаланың колледждері мен мектептерінің білім алушылары қатысты. Қонақтарға компанияның қызметі, сұранысқа ие жұмысшы мамандықтар, еңбек жағдайлары және оқудан өту мүмкіндіктері туралы әңгімелеп берілді.

Аккредиттеу

2025 жылдың мамырында «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-ң Оқу орталығы халықаралық институционалдық аккредиттеуден сәтті өтіп, № AD-IA 0397 куәлігін алды.

Халықаралық институционалдық аккредиттеу білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктерді аша отырып және білім беру қызметтерінің жоғары сапасын растай отырып, орталық қызметінің қосымша білім беру саласындағы халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкестігін растайды.

Қазақ тілінен практикалық курс

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС-де қызметкерлерге арнап практикалық қазақ тілін үйрететін курстар өткізіледі. Бағдарлама ауызша сөйлеу тілін дамытуға және кәсіби ортада мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыруға бағытталған. Сабақтар қатысушыларға қазақ тілін күнделікті және жұмысқа байланысты қатынастарда сенімді қолдануға көмектесе отырып, шынайы және интерактивті нысанда өтеді.

Оқу орталығын дамыту тұжырымдамасы
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына арналған аттестат
Оқу орталығының прайс-парағы
Алғыс хаттар
Сертификаттар

Оқу орталығының байланыс деректері:

  • +7 701 300 70 89
АлматыПроспект Достык, 270/1 — Яндекс Карты

2026 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС