Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Пайдалану аудандарына аумақтық қызмет көрсету

Кәсіпорынның негізгі өндірістік бірлігі Пайдалану ауданы болып табылады. Бүгінгі таңда жеті пайдалану ауданы бар: 

  • Орталық пайдалану ауданы (ОПА);
  • Оңтүстік пайдалану ауданы (Юңт.ПА);
  • Солтүстік пайдалану ауданы (СПА);
  • Солтүстік-Шығыс пайдалану ауданы (СШПА);
  • Батыс пайдалану ауданы (БПА);
  • Солтүстік-Батыс пайдалану ауданы (СБПА);
  • Шығыс пайдалану ауданы (ШПА).

Пайдалану аудандарының персоналы жылу желілерін пайдалану және оларды жұмысқа қабілетті күйде ұстау жөніндегі жұмыстар кешенін орындайды: желілерге техникалық қызмет көрсетуді орындау; әлсіз жерлерді анықтау, жөндеу науқанында зақымдануларды жою; желілердің гидравликалық және температуралық режимдерін бақылау, сорғы станцияларының жұмысын басқару, жылу желілеріне пайдалану және жөндеу қызметін көрсетуді жүзеге асыру.  

Жыл сайын гидравликалық сынақтар жүргізу – бұл өте күрделі, қауіпті жұмыс болып табылады, ол Пайдалану аудандарының еңбек ұжымынан барынша шоғырлануды, жанқиярлықты талап етеді. Жөндеу науқаны кезеңінде Пайдалану аудандарының жұмысы құрылыс мердігерлік ұйымдарымен тығыз байланыста жүргізіледі, өйткені желілерді одан әрі пайдалану көп жағдайда жылу желілерін салу кезінде жұмыстардың сапалы орындалуына байланысты болады. Пайдалану аудандарының персоналы жоғары білікті мамандармен жасақталған. Пайдалану ауданының сапалы және жауапты жұмысы – бүкіл кәсіпорынның гүлденуінің кепілі.
Бұдан басқа, тұтынушы ыстық суды және жылытуды өшіру мәселелері, ыстық судың температурасы мәселелері бойынша (қызметкер көрсетілген мекен-жайды тексереді) Пайдалану ауданының қызметкерлеріне әрдайым жүгіне алады, жылыту маусымына дайындық туралы сұрақ қоя алады, сондай-ақ берешек бойынша кеңес ала алады.

Аудандардың орналасқан жері және байланыс телефондары

Оңтүстік пайдалану ауданы

Бостандық және Медеу әкімшілік аудандарына қызмет көрсетеді
Березовский көшесі, Розыбақиев көшесінің қиылысы мекен-жайы бойынша орналасқан
Телефондары: 382-54-28, 3825432, 382-54-99

Солтүстік пайдалану ауданы

Түрксіб және Жетісу әкімшілік аудандарына қызмет көрсетеді
Филатов көшесі, 21, Сейфуллин көшесінің батыс жағы (БАК-тың оңтүстік жағы) мекен-жайы бойынша орналасқан.
Телефондары: 397-38-23, 3973824, 3973822

Батыс пайдалану ауданы

Әуезов және Алатау әкімшілік аудандарына қызмет көрсетеді
Тоқтабаев көшесі, 20а үй (Сүлейменов көшесінің қиылысы) мекен-жайы бойынша орналасқан
Телефондары: 243-00-56, 2430049, 2772399

Шығыс пайдалану ауданы

Жетісу және Медеу әкімшілік аудандарына қызмет көрсетеді
Төлебаев көшесі, 26 (Мәметова көшесінің қиылысы) мекен-жайы бойынша орналасқан
Телефондары: 271-14-86, 2711558, 2711469

Орталық пайдалану ауданы

Бостандық және Алмалы әкімшілік аудандарына қызмет көрсетеді
Тимирязев көшесі, 68а (Радостовец көшесінің қиылысы) мекен-жайы бойынша орналасқан
Телефондары: 275-67-13, 2740447, 2745511

Солтүстік-Шығыс пайдалану ауданы

Алатау, Жетісу, Медеу және Түрксіб әкімшілік аудандарына қызмет көрсетеді
Наманганская көшесі, 39а мекен-жайы бойынша орналасқан
Телефондарыы: 351-46-32

Солтүстік-Батыс пайдалану ауданы

Наурызбай, Алатау және Әуезов әкімшілік аудандарына қызмет көрсетеді
«Саялы» ықшам ауданы сорғы станциясы мекен-жайы бойынша орналасқан. 
(Бағдар: Момышұлы көшесі бойымен Бурундайға қарай «Автоцонға» 300 метр жетпей).
Телефон: 393 41 46

2026 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС