
Есептеу аспаптар
— Жеке аспаптар
— Үйге ортақ аспаптар
— Есептегіштердің (ҮЕА/ЕЖА) ақаулығы
Жеке аспаптар
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС ыстық/ суық суды жеке есептейтін аспапты (ЕЖА) ауыстыру бойынша қызмет көрсетеді.
Жеке есептейтін аспапты ауыстыру үшін мекен-жайыға өтініш беру қажет:
- Байзақов көшесі, 221-үй
Сондай-ақ өтінімді мына телефон арқылы беруге болады:
(вн. 2214)
«АлЖЖ» ЖШС-ға есептеу аспабын ауыстыру үшін өтініш білдірген кезде сіз келесі қызметтер кешенін аласыз:
- ескі есептеу аспабын бөлшектеу;
- жаңа есептеу аспабын монтаждау;
- ЕА-ны қайтарып алу актісін ресімдеу;
- пломбаласы бар жаңа ЕА-ға рұқсат беру актісін ресімдеу.
ЕЖА-ның құны (НДСпен):
11 081,07 тг.
* Жеке есептеу аспабын ауыстыру абонент осы қызметтерді орындағаны үшін толық құнын «АлЖЖ» ЖШС кассасына төлегеннен кейін ғана жүзеге асырылады
Маңызды! ЕЖА ауыстыру / тексеру туралы!
Құрметті тұтынушылар!
Жеке есептеу аспабын тексеру мерзімінің 2020 жылғы12 мамырдағы «Ыстық су есептегіштері үшін бірыңғай тексеру интервалын бекіту туралы» № 158-НҚ бұйрығымен бекітілгеніне назарларыңызды аудартамыз.
Көрсетілген бұйрыққа сәйкес тексеру аралық интервалы 5 жылды құрайды.
Үйге ортақ аспаптар
Үйге ортақ жылу энергиясын есептейтін аспап (ҮЕА) – бұл тұтынушыға төлемге ұсыну үшін жылу энергиясын есептеуді қамтамасыз ететін аспаптар мен құрылғылар жүйесі. Температура датчиктерінен, шығын өлшегіштерден және жылу есептегішінен тұрады. Төменгі қабатта элеватор торабының алдына орнатылады.
ҮЕА жұмыс жасау қағидасы – су ағынының жылдамдығы мен салқындатқыштың температурасын оқу, ал жылу есептегіші жылу мен ыстық су үшін жұмсалған Г/калл-ды оқиды. Осылайша, жылу есептегіштерін орнатқан жылу энергиясын тұтынушылар жылу мен ыстық су үшін тұтынылған энергияның нақты мөлшерін төлейді.
1. Пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың көлемін азайту және энергетикалық тиімділікті арттыру мақсатында «Табиғи монополиялар туралы заң» үйге ортақ есептейтін аспапты орнату жөніндегі талапты белгілейді.
- 11-баптың 2 және 4-тармақтарында энергия ресурстарын есептеу аспабын орнату міндеті тұтынушыға жүктелген.
- 7-баптың 9-тармағында табиғи монополия субъектісіне тұтынушылармен жасасқан шарттарға сәйкес есептеу аспабын орнату міндеті жүктелген.
- 9-1-тармақшамен есептеу аспабы істен шыққан жағдайда уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептеу аспаптарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша ұсынылатын қызметтер үшін ақы алуға табиғи монополия субъектісін міндеттейді.
2. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңның 8-бабының 4-тармағына сәйкес тұтынушылар тұтынылған жылу энергиясы үшін Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес бекітілген жылу энергиясын есептеу аспаптарының болуына немесе болмауына қарай сараланған тарифтер бойынша ақы төлеуді жүргізеді.
Тұтынушы бұл қызметті «АлЖЖ» ЖШС-дан да, осы қызмет түрі бойынша қызмет көрсететін басқа сервистік ұйымнан да сатып ала алады. Бұл ретте тұтынушылар жылу пунктіне қол жеткізуді қамтамасыз етуі, уақытылы қол жеткізуді қамтамасыз етуге жауапты тұлғаны бекітуі тиіс және бірқатар іс-шараларды орындау немесе қолда болуы қажет:
- жабдықтың сақталуын қамтамасыз ету үшін ЕА орнату орнында тиектері бар есіктің болуы;
- электр қуатын қосуға арналған қос электр розеткасының болуы;
- элеватор тораптарының үй-жайларында және т.б. жарықтандыруды, дезинфекциялауды (қажеттілігіне қарай) орындау.
Егер сіз осы қызметті «АлЖЖ» ЖШС-дан сатып алатын болсаңыз, барлық жұмыстарды осы ұйымның мамандары немесе шарт жасасқан мердігерлік ұйымды тарта отырып жүргізеді.
Егер сіз осы қызметті тікелей сервистік ұйымнан сатып алуды шешсеңіз, сізге келесі талаптарға сәйкес келетін мамандандырылған ұйымды таңдауға кеңес береміз:
- ҚР өлшеу құралдарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген жылу энергиясын есептеу аспабы бар, сондай-ақ ЕЖА орнату бойынша жұмыстарды орындау үшін барлық қажетті жабдықтары бар;
- осы ұйымның мамандары қауіпсіздік техникасы бойынша емтихандардан өту туралы белгілері бар оқу курстарынан өткен жоғары білікті мамандар екеніне көз жеткізеді;
- жылуды есептеу аспаптарын мерзімді тексеруді ұйымдастыру мүмкіндігі бар;
- ҮЕА сервистік-техникалық қызмет көрсетудің кепілдік мерзімін ұсынады.
Сонымен қатар, ұйымның жылумен жабдықтау жүйелерін жобалауға және ішкі жылу жүйелеріне монтаждау жұмыстарын жүргізуге тиісті лицензиясы болуы керек. Сондай-ақ, ұйымның жылумен жабдықтау жүйелерін жобалауға және ішкі жылу жүйелеріне монтаждау жұмыстарын жүргізуге тиісті лицензиясы болуы керек. Және де, ол оң іскерлік беделі және белгілі бір жұмыс тәжірибесі болуы керек.
Сіз ұйымды таңдадыңыз және онымен үйге ортақ есептейтін аспап орнату туралы келісім жасадыңыз делік. Жұмыс энергия сервистік компанияны есептеу торабының жобасын жобалаудан және энергия беруші ұйыммен келісуден басталады. Осыдан кейін сіз жобада келісілген жабдықты сатып алып, объектіде оның компоненттерін орната аласыз.
Есептеу торабын (үйге ортақ аспапты) орнату жөніндегі монтаждау жұмыстары екі күн бұрын -10 °С төмен емес температура жағдайында жүзеге асырылады. Инженер механомонтаж және электромонтаж жұмыстары бойынша талаптардың орындалуының сәйкестігін тексереді және аспаптардың техникалық сипаттамалары бар жылу есептегіштің дұрыс бағдарламалануын тексереді, содан кейін Есептеу торабын пайдалануға рұқсат ету актісін жасай отырып, есептеу торабын пломбалайды. Актіге меншік иелерінің өкілімен бірлесіп қол қойылады.
Барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін жылумен жабдықтау қызметі үшін есептеме есептеу аспабының көрсеткіштері бойынша жүргізіледі. Орташа алғанда, үйлесімді жұмыс жағдайында барлық рәсім, тұрғын үй иелері мен энергетикалық сервистік компания өкілдері оны орнатудан бастап орнатуға дейін бір ай уақытты алады.
ҮЕА орнатуға шарт жасасу кезінде кепілдікті қызмет көрсетуге назар аудару қажет. Кепілдік мерзімі мыналарды қамтиды:
1. ЕЖА-ның дұрыс жұмыс істеуін бақылау;
2. Жыл ішінде шартта айтылған жағдайларда есептеу аспабы істен шыққан кезде жөндеу және баптау;
3. ҮЕА көрсеткіштерін ай сайын алу.
Бірақ тұтынушылардың өздері ҮЕА жұмысына бақылау жүргізуі немесе қалауы бойынша «АлЖЖ» ЖШС-мен немесе қызметтің осы түріне лицензиясы бар өзге де кәсіпорындармен ҮЕА техникалық қызмет көрсетуге шарт жасасуы тиіс екенін ұмытпаған жөн.
ҚР 2000 жылғы 07 маусымдағы «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» №53 Заңының 19-бабына сәйкес, өлшем құралдары уәкілетті орган белгілеген мерзімде тексеруге жатады. Әдетте, жылуды есептеу аспабы 4 жыл өткеннен кейін келесі мемлекеттік тексеруден өтуі керек.
- Элеватор торабы болмаған жағдайда (жертөле қабатынсыз);
- Ескі тұрғын үй санатына жататын үйлерде;
- Сондай-ақ, ҮЕА қоршаған орта ҮЕА-ны пайдаланудың техникалық сипаттамаларына жауап бермейтін жерлерде (жер асты камераларында, климаттық жағдайлардан қорғалмайтын көшеде және т.б.) орнатылмайтынын қосқым келеді.
Сөзімнің соңында жылытуаралық маусымның үйге ортақ есептеу аспаптарын монтаждау үшін тамаша кезең екендігін айтық келеді.
Қалай болғанда да, әрбір тұтынушы заңнамаға сәйкес есептеу аспаптарын орнатуға міндетті, сондықтан жылыту маусымы кезінде артық ақша төлегенше, аспапты қазір орнатқызған дұрыс
Суды есепке алу аспаптары мен деректерді қашықтан жинау жүйелеріне арналған жаңа талаптарды қолданысқа енгізу туралы
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС тұтынушыларға Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 8 тамыздағы № 295 бұйрығымен бекітілген «Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптары мен жүйелерін таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларының» (2026 жылғы 03 наурыздағы № 77 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен) қолданысқа енгізілгенін хабарлайды.
Қағидалардың жаңа редакциясы Қазақстан Республикасының Су кодексін іске асыру шеңберінде әзірленген және коммуналдық ресурстарды есепке алуды цифрландыруға, суды коммерциялық есепке алудың сенімділігін арттыруға, ысыраптарды азайтуға және коммуналдық қызметтерді жеткізушілер мен тұтынушылар арасындағы есеп айырысулардың мөлдірлігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Заңнамадағы негізгі өзгерістер
Қағидалардың жаңа нұсқасы деректерді қашықтан жинау және беру қабілетіне ие зияткер суды есепке алу аспаптарынакезең-кезеңмен көшуді көздейді.
Қағидалардың талаптарына сәйкес:
• жаңадан орнатылатын, сондай-ақ істен шыққан немесе қызмет ету мерзімі біткендерін ауыстыру үшін орнатылатын суды есепке алу аспаптары коммуналдық қызмет көрсетушілердің ақпараттық жүйелеріне деректерді автоматты түрде жіберуді қамтамасыз етуі тиіс;
• есепке алу тораптары деректерді жинау және беру құрылғыларымен (ДЖБҚ) жабдықталуы керек;
• Қазақстан Республикасында деректерді берудің негізгі технологиясы ретінде NB-IoT технологиясы белгіленді;
• Есепке алу аспаптары аспап жұмысына араласуды, судың кері ағынын, қоректендіру элементінің зарядсыздануын және басқа диагностикалық оқиғаларды тіркеп отыруды қамтамасыз етуі керек;
• Жаңадан орнатылған есепке алу аспаптары қызметтерді жеткізушілердің ақпараттық-өлшеу жүйелерімен үйлесімді қамтамасыз етуі керек;
• Абоненттердің кірістерінде орнатылатын есепке алу аспаптары байланыс операторының ақпараттық жүйесімен және ТКШ бірыңғай цифрлық платформасымен орнықты екі жақты байланысты қамтамасыз етуі тиіс;
• Есепке алу аспаптарын бастапқы орнату және ауыстыру дистанциялық есепке алу және коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің цифрлық жүйелеріне біріктіру жөніндегі талаптарды есепке ала отырып жүзеге асырылуы тиіс.
Бұл ретте, орнатылуы кезінде заңнамалық талаптарға сәйкес келген, жаңа Қағидалар күшіне енгенге дейін пайдалануға берілген, бұдан бұрын орнатылған есепке алу аспаптары өздерінің белгіленген қызмет ету мерзімі аяқталғанға дейін және кезекті ауыстырылуына дейін пайдаланыла алады.
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС -ң Ыстық суды есепке алу аспаптарына қойылатын талаптары
Автоматты режимде көрсеткіштерді қабылдау мүмкіндігін, ыстық суды нақты коммерциялық есепке алуды және кәсіпорынның ақпараттық жүйелерімен интеграциялауды қамтамасыз ету мақсатында «Алматы жылу жүйесі» ЖШС тұтынушыларға ыстық сумен жабдықтауды жеке есепке алу аспаптарын бастапқы орнату немесе ауыстыру кезінде келесі талаптарды ескеру қажет екенін хабарлайды.
Ыстық суды есепке алу аспаптары тиіс:
• Қазақстан Республикасының Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген болуы;
• жарамды салыстырып тексеруге ие болуы және пайдалану құжаттамасының толық жиынтығына ие болуы;
• метрология саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құжаттарының талаптарын сай болуы;
• деректерді қашықтан жинау және беру (жолдау) мүмкіндігін қамтамасыз етуі;
• деректерді жолдаудың кіріктірілген модулімен жабдықталған болуы не деректерді жинау және беру құрылғыларымен (ДЖБҚ) жабдықталған болуы;
• «Алматы жылу жүйесі» ЖШС пайдаланатын ақпараттық-өлшеу жүйесімен үйлесімділікті қамтамасыз етуі;
• NB-IoT деректерді беру технологиясын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы рұқсат ететін және кәсіпорынның ақпараттық жүйесімен интеграциялануды қамтамасыз ететін басқа технологияны қолдауы;
• тұтынушының араласуынсыз көрсеткіштерді автоматты түрде беру мүмкіндігін қамтамасыз етуі;
• есептегіштерді бұзуға, тұтастықты бұзуға, кері ағынға, батареяның азаюына және басқа да төтенше жағдайларға байланысты оқиғалардың жазылуын және берілуін
аспап жұмысына араласуды, тұтастықты бұзуды, судың кері ағынын, батареяның зарядының төмен деңгейін және басқа апаттық оқиғаларды тіркеп және беріп (жолдап) отыруды қамтамасыз етуі;
• салыстырып тексеру, техникалық қызмет көрсету және бақылау іс-шаралары кезінде ақпаратты жергілікті тіркеп алу-оқу мүмкіндігін қамтамасыз етуі.
Орнату талаптары
Ыстық суды есепке алу аспаптарынорнату қолданыстағы заңнама талаптарына және өндіруші-зауыттың техникалық құжаттамасына сәйкес мамандандырылған ұйымдар күшімен орындалуы керек.
Орнатылған жабдық мыналарды қамтамасыз етуі керек:
• есепке алу аспабыныңметрологиялық сипаттамаларын сақтау;
• құбырдың түзу телімдерінің ұзындығы жөніндегі талаптарды сақтау;
• рұқсат етілмеген қол сұғушылықтан қорғау;
• кейінгі техникалық қызмет көрсету және салыстырып тексеру мүмкіндігінің болуы;
• қызмет көрсетуші тарап өкілдерінің бақылау іс-шараларын жүргізу және аспапты коммерциялық пайдалануға рұқсат беруі үшін оған кедергісіз қол жеткізуі.
Есепке алу аспаптарын коммерциялық есепке алуға рұқсат беру
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ыстық суды есепке алу аспабыоныпайдалануға рұқсат етілгеннен кейін ғана коммерциялық есеп айырысулар үшін пайдаланыла алады.
Рұқсат беру келесі шарттар орындалғанда беріледі:
• есепке алу аспабының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес болуы;
• салыстырып тексерілуінің мерзімінің жарамдылығы;
• есепке алу аспабының техникалық жағдайы жақсы (дұрыс жұмыс істеп тұрған) болуы;
• кәсіпорынның ақпараттық жүйелеріне деректерді жіберуді қамтамасыз етуі;
• есепке алу торабының монтаждау және пайдалану бойынша талаптарға сәйкес болуы.
Тексеру нәтижелері бойынша есепке алу аспабын пайдалануға рұқсат беру актісі ресімделеді.
Тұтынушылар жауапкершілігі
Тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері мыналарға міндетті:
• есепке алу аспаптарымен деректерді жіберу құрылғыларының аман – есен сақталуын қамтамасыз етуге;
• салыстырып тексеру және бақылау пломбаларының сақталуын (бүтіндігін) қамтамасыз етуге;
• есепке алу аспаптарын уақтылы салыстырып тексеріп отыруға;
• есепке алу аспаптарымен деректерді жіберу құрылғыларының жұмысына (бөтен тараптың) араласуына жол бермеуге;
• қызмет көрсетуші ұйымғы жабдық жұмысындағы ақаулар, пломбалардың зақымдалғаны, байланыстың жоғалуы немесе есепке алудың дұрыстығына әсер ететін басқа жағдайлар туралы дереу хабарлауға.
Қолданыстағы заңнама талаптарына және «Алматы жылу жүйесі» ЖШС -ң ақпараттық-өлшеу жүйелеріне сәйкестік жөніндегі талаптарға сәйкес келмейтін ыстық суды есепке алу аспаптарынорнату анықталған сәйкессіздіктер жойылмайынша аспаптарды коммерциялық есепке алуға рұқсат беруден бас тартуға негіз болуы мүмкін екенін ескертеміз.
Ыстық суды есепке алу аспаптарынсатып алудан және орнатудан бұрын алдымен ағымдағы техникалық талаптарды және жабдықты «Алматы жылу жүйесі» ЖШС –нде интеграциялау шарттарын нақтылап біліп алуға кеңес береміз.