Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Есептеу тәртібі

Жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін, сондай-ақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары тексеруге алынған тұтынушылар үшін «жылыту» және «ыстық сумен жабдықтау» қызметтері үшін есептеулерді орындау тәртібі.

Дербес шоттар бойынша ЖЭЕА*-сыз есептеу мынадай түрде орындалады:

1) жылыту қызметі бойынша — төлем теңге/м2 (айлар бойынша) * м2 (дербес шоттың шот-түбіртегінде көрсетілген алаң) = төлеуге есептелген сома.

Мысалы: пәтердің ауданы — 42,8 м2, қаңтар айында жылыту үшін төлем — 355,52 теңге/м2:

355,52*42,8= 15 216,26 теңге

Жылыту қызметі бойынша құн калькуляторы

төлем шоты бір айдан кейін келеді (мысалы, ақпан айындағы түбіртекте қаңтар айындағы шот көрсетіледі)

Выберите месяц:
Укажите площадь:


2) ЖЕА*-сыз ЫСЖ* қызметі бойынша — төлем теңге/адам айына *адам (дербес шоттың шот-түбіртегінде көрсетілген адам санына) = төлеуге есептелген сома.

Пример: тұратын тұрғындар саны — 2 адам, қаңтар айында ыстық сумен жабдықтау үшін төлем-2 131,07 теңге/адам:

2 131,07*2= 4 262,14 теңге

ЖЕА жоқ ЫСЖ қызметі бойынша құн калькуляторы

төлем шоты бір айдан кейін келеді (мысалы, ақпан айындағы түбіртекте қаңтар айындағы шот көрсетіледі)

Выберите период:
Укажите количество проживающих:


3) ЖЕА* бар ЫСЖ*, қызметі бойынша есептеу ЖЕА нақты көрсеткіштері бойынша жүргізіледі — төлем теңге/м3 * санына м3 = төлеуге есептелген сома.

Мысалы: саны-2 м3, ЖЕА бар ЫСЖ үшін төлемі қаңтарда — 617,70 теңге / м3:

617,70*2= 1 235,40 теңге

ЖЕА бар ЫСЖ қызметі бойынша құн калькуляторы

төлем шоты бір айдан кейін келеді (мысалы, ақпан айындағы түбіртекте қаңтар айындағы шот көрсетіледі)

Выберите период:
Укажите количество м3, согласно
показаниям счетчика горячей воды:

ЖЭЕА* — жылу энергиясын есепке алу аспабы;
ЫСЖ* – ыстық сумен жабдықтау;
ЖЕА* – жеке есепке алу аспабы.

Жылуды есепке алу аспаптарын тексеру міндетті мерзімдік рәсім болып табылады, ол МЕМСТ нормативтері мен өлшемдеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өлшем құралдарының бірыңғай тізіліміне сәйкес тексерілетін аспап көрсеткішінің дәлдігін анықтау мақсатында орындалады.

Тексеруді өткізу мерзімі төлқұжатта көрсетіледі. Негізінен жылуды есепке алу жүйелерінің тексеру аралық интервалы 4 жыл болады.

«Жылу» және «ыстық су» қызметтері үшін бекітілген тарифтер мен төлемдерді осы жерден көруге болады.

Жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін «жылыту» және «ыстық сумен жабдықтау» қызметтері үшін есептеулерді орындау тәртібі.

Дербес шоттары бойынша ЖЭЕА-пен есептеу мынадай түрде орындалады: КПТҮ үшін 1 м2 алаңға (Тм2, теңге/м2) жылытуға төлемақыны есептеу мынадай формула бойынша орындалады:

Пм2 = Qжыл. * Т гкал / S үйдің, мұнда:
Q жыл. — жылуға жұмсалатын жылу шығыны, Гкал;
Т гкал- жылу энергиясының 1 Гкал құны;
Ѕүйдің — ЖЭЕА астына түсетін пәтерлердің жалпы жылытылатын ауданы, м2.

Мысалы: үйдің ауданы -1 470,8 м2, тариф м2 — 9 911,52 теңге/ Гкал, Qжыл. — 38,110 Гкал:

38,110*9 911,52/1 470,8 = 256,82 теңге

1) жылыту қызметі бойынша — төлем теңге/м2 (кезең бойынша) * м2 (ДШ бойынша шот-түбіртекте көрсетілген алаң) = төлеуге есептелген сома.
Мысалы: пәтердің ауданы — 42,8 м2, кезең үшін жылу ақысы 15.12.2021-14.01.2022 – 256,82 теңге / м2:

256,82*42,8= 10 991,90 теңге

2) ЖЕА — сыз ЫСЖ қызметі бойынша — төлем теңге/м3 * адам/м3 нормасы + ЖЭЕА айырмасының коэффициенті (айына 1 адамға 3,2 бекітілген ысж шығысының нормасы) = төлеуге есептелген сома.
Мысалы: тұрғындар саны – 1 адам, қаңтарда ыстық сумен жабдықтау төлемі – 450,73 теңге/адам/м3:

450,73*(3,2+ 0,5) = 1 667,70 теңге

3) ЖЕА бар ЫСЖ қызметі бойынша есептеу 2021ж.15.12 – 2022ж.14.01 кезең үшін жүргізіледі  — төлем теңге/м3 * санына м3 = төлеуге есептелген сома.
Мысалы: саны-2 м3, ЖЕА бар ЫСЖ үшін төлемі қаңтарда — 459,64 теңге / м3:

459,64*2= 919,28 теңге

Тұрғын үйлердің есептік кезеңі әр үйде жеке. Тұтынушыға ыңғайлы болу үшін төлем жасалған кезең түбіртекте бағанның өзінде немесе «Алсеко» АҚ түбіртегінің төменгі бөлігінде көрсетіледі.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС