Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Тарихы

Біз компанияның қағидаларын ұстанамыз, тарихты құрметтейміз және
тарихты күн сайын жасаймыз

Тарихы

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС – Алматы қаласының жылу энергетикалық кешенінің негізгі буындарының бірі. Кәсіпорынның негізгі миссиясы – жоғары экологиялық және технологиялық стандарттарға жауап беретін озық технологиялар мен жабдықтарды қолдана отырып, тұтынушыларды жылу энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету.

Жылу желілерінің құрылу және даму тарихы 1960 жылдан басталады, ол кезде бірыңғай жоба бойынша 1-ЖЭО жылу желілерінің құрылысы басталған болатын. 1962 жылдың соңына қарай жылу желілері 9 өнеркәсіптік және 180 тұрғын үй ғимаратын жылумен қамтамасыз етті, желілердің ұзындығы 19,1 км құрады.

2023 жылға магистральдық және тарату желілерінің жалпы ұзындығы 1352,33 км құрайды, жылу желілері жұмысының гидравликалық режимін қамтамасыз ету үшін 71 сорғы станциясы орнатылды. Жеті пайдалану ауданы кәсіпорынның негізгі өндірістік бірлігі болып табылады. Кәсіпорын 437 772-ден астам абонентке қызмет көрсетеді.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС