Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

2024 жылы компания қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлама

Алматы қаласының квазимемлекеттік ұйымдарында 2024 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне (бұдан әрі — СЖТІТ) және Бас директордың 2024 жылғы 29 ақпандағы № П-0127/24 бұйрығына сәйкес компания қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.

Компания қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізілетін болады:

Қызметті, оның ұйымдастырушылық — басқару қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға (оның ішінде қызмет бағыттары бойынша) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына талдау жүргізу  (Тексерілетін кезеңде Серіктестікте қабылданған қолданыстағы құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау);

  • Серіктестіктің қызметіне қатысты ішкі нормативтік құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және бағалау:

          — Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

— Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

— Жобаларды (кәсіпкерлік субъектілері) кредиттеу/қаржыландыру процестерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;   

— Қаржыландыру жобаларының тиісінше іске асырылуын мониторингілеу процестерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

— Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

— Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

— Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

— Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау;

— Қызмет туралы ақпарат (тәртіптік практика, рұқсат беру функцияларын іске асыру және өзге де мәселелер) жинауды жүргізу.

— Интернет-ресурста, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталуын жариялау (күні: №4 ТБН картасы бойынша белгілеу );

— Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау (күні: №4 ТБН картасы бойынша белгілеу);

— Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтамаға қол қою (күні: №4 ТБН картасы бойынша белгілеу).

      Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою

— Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу (күні: №4 ТБН картасы бойынша белгілеу);

— Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісінің интернет-ресурсында талдамалық анықтама мен іс-шаралар жоспарын орналастыру (күні: күні: №4 ТБН картасы бойынша белгілеу);

— Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсыныстардың орындалуы туралы ақпарат дайындау арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мониторингі;

— Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесін жасау;

— Серіктестіктің ресми интернет-ресурсында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картограммасындағы мәліметтерді өзектендіру.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС