Келесі жылыту маусымына дейін Алматыда 35 км магистральдық және тарату жылу желілері қайта жаңғыртылады. Нормативтік қызмет мерзімі аяқталған жылу желілерін ауыстыру 59 нысанда жүргізіледі. Жұмыстардың негізгі бөлігі аула аумақтарында өтеді, бұл инфрақұрылымды жақсартып, қызмет сапасын арттырып, жылыту маусымында апаттық жағдайлардың қаупін азайтады.
Тұрғындардың жайлылығы үшін жөндеу жұмыстары кезінде ыстық сумен жабдықтау уақытша схемалар арқылы барынша сақталады. Қайта жаңғырту аяқталғаннан кейін уақытша құбырлар демонтаждалады.
Жолдар кезең-кезеңімен жабылады, бұл туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында және кәсіпорынның ресми ресурстарында жарияланады.
Алматының инженерлік коммуникацияларын жаңғыртудың жалпы жоспарына сәйкес жылу желілерін қайта жаңарту, оның ішінде жол жабынын ашу, қозғалысты шектеу және кейіннен толық қалпына келтіру келесі көшелерде жүргізіледі:
Жароков (Дунаевский көшесінен Ходжанов көшесіне дейін);
Байкадамов (Радостовец көшесінен Шопен көшесіне дейін);
Адольф Янушкевич (Баишев көшесінен Латиф Хамиди көшесіне дейін);
Токмақ көшесі (Уәлиханов көшесінен Пушкин көшесіне дейін);
Ақан сері көшесі бойынша №165/1 үйден №159 үйге дейін;
Мұратбаев және Қарасай батыр көшелерінің қиылысында;
Қарасай батыр (Уәлиханов көшесінен Құнаев көшесіне дейін);
Сәтпаев (Байтурсынов көшесінен Масанчи көшесіне дейін);
Бухар Жырау бульвары (Байтурсынов көшесінен Марков көшесіне дейін);
Ашимов 20Б;
Айманов және Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысында;
Айтиева (Бөгенбай батыр көшесінен Қарасай батыр көшесіне дейін);
Айтиева (Бөгенбай батыр көшесінен Төле би көшесіне дейін);
Римский-Корсаков (Габдуллин көшесінен Бухар Жырау бульварына дейін);
Габдуллин (Римский-Корсаков көшесінен Нахимов көшесіне дейін).
Аула аумақтарындағы жұмыстар келесідей жүргізіледі: