Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Пәтердегі жылумен жабдықтау жүйесін түрлендіруге бола ма

Инженерлік желілерді орнату, ауыстыру немесе орнын алмастыру «қайта орнату» ұғымына жатады. Рұқсат беру құжаттары болмаған жағдайда қайта орнатуды өз бетінше орнату деп есептеледі. Ең бастысы, бұл бүкіл үйдің жылу жүйесін бұзуы мүмкін және сәйкесінше оның сапасына әсер етеді.
Көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары жылумен жабдықтау сапасының мәселеріне жиі тап болады. Мұның бір себебі — пәтердің ішіндегі жылыту жүйесін түрлендіру, радиаторларды балкондарға шығару (жылытылатын аумақты ұлғайту), жылыту құрылғысының бөлімдерін ұлғайту және т.б. болып табылады. Осы кезде ешкім жылыту құрылғысын ауыстыру арқылы тұрғын үйдің құрылысы кезінде жобаланған үйдің бүкіл жылумен жабдықтау жүйесін бұзады деп ойламайды.
Жылумен жабдықтау жүйесін қайта жабдықтау мәселесі Жылу энергиясын пайдалану қағидаларында да айтылады, онда жылумен жабдықтау жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында тұтынушыға: пәтерішілік желілерді, инженерлік жабдықтар мен құрылғыларды қайта жабдықтауға; жылыту аспаптарының қосымша секцияларын, бекіту және реттеуші арматуралар мен айналым сорғыларын орнатуға және/немесе бөлшектеуге; тікелей мақсаты бойынша (жүйеден және жылыту аспаптарынан суды ағызу) жылыту жүйелерінде жылу тасымалдағышты пайдаланбауға жол берілмейді.
Егер тұрғын пәтердегі жылумен жабдықтау жүйесін түрлендіруді шешсе, бұл үшін не істеу керек?
Басқарушы компаниядан (ТИПК/МИБ), үй тұрғындарының жалпы жиналысында рұқсат алу, жақын орналасқан пәтерлер иелерінің жылумен жабдықтау жүйесін қайта жабдықтауға келісімін алу, жобаны әзірлеу (қызметтің осы түріне лицензиясы бар ұйым орындайды) қажет. Бұдан басқа, жобаны әзірлейтін ұйымнан (тұтынушы жүгінетін) ҚР заңнамасының талап етілетін нормаларына сәйкес орындалғаны көрсетілген сараптама алуы тиіс.
Неге «АлЖЖ» ЖШС үй ішіндегі жылумен жабдықтау жүйесіне жобаларды келісім жасамайды деген сұрақ туындайды?
«Табиғи монополиялар туралы» Заңның 24-бабы 10-тармағының 6-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 68-бабы 7-тармағына сәйкес сыртқы инженерлік желілер мен жылумен жабдықтау жүйелерін салу жобаларын «АлЖЖ» ЖШС-мен келісу талап етілмейді.   
Тұтынушы мен энергия беруші ұйым арасындағы құқықтық қатынастар Жылу энергиясын пайдалану қағидаларымен реттеледі. Осы Қағидаларда пайдалану жауапкершілігінің шекарасы айқындалған, 62-тармақ: ПМИК немесе кондоминиум объектісін басқару органы басқаруындағы көп пәтерлі тұрғын үйлердегі тұтынушы мен энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның арасындағы пайдалану жауапкершілігінің шекарасы жылу энергиясы көзі тарапынан басқару торабының кіру ысырмаларының бірінші бөлу ернемегі немесе дәнекерлі тігіс бойынша анықталады.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС