«Алматы жылу жүйесі» ЖШС-да «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл және алдын алу бойынша күресті күшейту» бойынша профилактикалық іс-шара өткізілді, оны «АлЖЖ» ЖШС ССҚҚ Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерімен бірлесіп басқарма басшылары, басқарма бастықтары және бөлім бастықтары үшін өткізді.
Семинар-кеңесті «АлЖЖ» ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс — қызметінің бастығы Д.А.Челобаев ашты, ол өзінің кіріспе сөзінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің барлық көріністерінде маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды азайту бойынша шаралар қабылданды және қабылданып жатыр». Бұдан әрі Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы топтың инспекторы Р.Б. Супугалиев сөз сөйледі.
Семинар-кеңеске қатысушыларға келесі ұғымдар түсіндірілді:
— сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылықтар;
— пара алу;
— пара беру;
— пара ұғымына не кіреді;
— пара алу және беру үшін жауапкершілік.
Семинар-кеңестің қорытындысында пара ұсынған немесе бопсалаған жағдайда шаралар қабылдау үшін қажетті іс-әрекеттер жарияланды.