Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту: «АлЖЖ» ЖШС-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл агенттігінің негізгі міндеті — сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алу, анықтау және жолын кесу. 
Бұрын өткен кеңейтілген жиналыста Агенттік Төрағасы алдын-алу әрқашан бірінші орында тұрғанын анық айтты. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресудің тиімді тәсілі — сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу.
«Өздеріңіз білетіндей, соңғы жылдары 2015 жылғы 19 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, соның ішінде квазимемлекеттік секторға қатысты. Осыған байланысты, «Алматы жылу жүйесі» ЖШС — да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды азайту бойынша шаралар қабылданды және қабылдануда», — деп түсіндірді АКҚ бастығы Дулат Челобаев. Кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары:
 — шешім қабылдау рәсімдерінің есептілігін, бақылануын және ашықтығын қамтамасыз ететін ұйымдық-құқықтық тетіктерді белгілеу;
— адал бәсекелестік қағидаттарын сақтау;
— мүдделер қақтығысының алдын алу;
— іскерлік этика нормаларын қабылдау және сақтау;
— сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша шаралар қабылдау;
— сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.
«Бүгінгі таңда Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет жұмыс істейді, сенім телефоны орнатылды, оған кәсіпорынның кез келген қызметкері немесе жылу энергиясын тұтынушы қоңырау шалып, сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлай алады», — деді Дулат Челобаев.
Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.
«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – бұл «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңында, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен ұштасатын немесе сыбайлас жемқорлық үшін заңдарда белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтыратын өзге де заңдарда көзделген іс-әрекет», — деп түсіндірді Дулат Челобаев.
Пара алу — бұл ең қауіпті лауазымдық қылмыстардың бірі, әсіресе егер оны адамдар тобы жасаса немесе бопсалаумен бірге жүрсе, бұл лауазымды адамның заңды немесе заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін игіліктер мен артықшылықтарды алуынан тұрады.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС