Құрметті тұтынушылар!
Алматы қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты («Қызыл аймақ») коммерциялық қызмет (тұтынушыларға қызмет көрсету бөлімшесі) басшысында пневмонияның анықталу фактісін ескере отырып, сіздің қауіпсіздігіңіз және инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында мүмкіндігінше тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарына (ТҚКО) офлайн-өтініштерді барынша шектеуді сұраймыз.
Тұтынушыларға ыңғайлы әдістердің бірі арқылы онлайн режимінде қызмет көрсетуге болады:
- анықтама қызметі: + 7 (727) 341-07-77 (көп арналы номер), анықтама қызметінің жүктелуін ескере отырып, тұтынушыларға ыңғайлы болуы үшін қосымша WhatsApp номері әрекет етеді: +7 701 027 11 20 (номер тек хабарламаларды қабылдау үшін жұмыс істейді);
- жазбаша өтініштерді info@alts.kz e-mail-іне жіберу (тіркелетін файлдардың максималды көлемі – 10 МБ артық емес);
- сондай-ақ, аумақтылығын ескере отырып, тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарында қосымша байланыстар қолжетімді:
1. «Орталық» ТҚКО (Алмалы, Бостандық)
Телефоны: 341-05-28, 341-05-29; WhatsApp: 8(701)300-70-65; E-mail: ortalyc@alts.kz;
2. «Батыс» ТҚКО (Әуезов, Наурызбай, Алатау)
Телефоны: 341-05-30, 341-05-31; WhatsApp: 8(701)300-70-49; E-mail: batys@alts.kz;
3. «Шығыс» ТҚКО (Жетісу, Түрксіб, Медеу)
Телефоны: 341-05-32, 341-05-33; WhatsApp: 8(701)300-70-54; E-mail: shygis@alts.kz.
Сонымен қатар басшылықта азаматтарды қабылдау шектеулі болатынын, сондай-ақ бұрын жазылған өтініштер бойынша қабылдау неғұрлым қолайлы кезеңге ауыстырылатынын хабарлаймыз.
Шектеудің мәжбүрлі шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарына бару қажет болған жағдайда барлық сақтық шараларын (бетперде режимі, қолды өңдеу, қашықтық) сақтауыңызды сұраймыз.