Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

2023 жылдың қорытындысы бойынша жылу энергиясын беру, бөлу және жабдықтау — реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну бойынша «Алматы жылу жүйесі» ЖШС қызметі туралы есеп.

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларының (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы №73 бұйрығы) (бұдан әрі — Қағидалар)  талаптарын орындау үшін «Алматы жылу жүйесі» ЖШС (бұдан әрі – «АлЖЖ» ЖШС) 2023 жылғы 23 сәуірде 2023 жыл үшін қызметі туралы жыл сайынғы есеп бойынша жария тыңдаулар өтті.

Қағиданың 299 тармағына сәйкес есеп мынадай ақпаратты қамтиды:

  1. табиғи монополи субъектісі туралы жалпы ақпарат.
  2. бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы.
  3. бекітілген тарифтік сметаның баптардан кейінгі орындалуы туралы.
  4. реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау туралы.
  5. табиғи монополия субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы.
  6. табиғи монополия субъектісі қызметінің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы.
  7. реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы.
  8. реттеліп көрсетілетін қызметтер тұтынушыларымен жүргізілетін жұмыс туралы.
  9. қызметтің перспективалары (даму жоспарлары), оның ішінде тарифтердің ықтималдық өзгерістері туралы.

            Тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында есеп беретін табиғи монополия субъектісінің атынан бірінші басшы – Бас директор (Қағиданың 299-тармағына сәйкес) сөз сөйлейді.

            Жария тыңдаудың төрағасы – Бас инженер (Қағиданың 296-тармағына сәйкес «АлЖЖ» ЖШС басшыларының қатарынан).

  1. «АлЖЖ» ЖШС туралы жалпы ақпарат.

 «АлЖЖ» ЖШС жылу энергиясын беруді, бөлуді және жабдықтауды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектісі болып табылады.

«АлЖЖ» ЖШС негізгі қызметі «Алматы электр станциялары» АҚ (ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЗТК), «Алматыжылужайэнерго» ЖШС (85 қазандық) жылу көздерінен жылу энергиясын тасымалдауды қамтамасыз ету және Алматы қаласының тұтынушыларының жылытуға және ыстық сумен жабдықтауға жылу энергиясымен қамтамасыз ету болып табылады.

2023 жылғы 31 желтоқсан жағдайы бойынша жылу желілерінің ұзындығы 1 385,3 км құрайды, оның ішінде:

  • Магистралдық жылу желілері (МЖЖ) —  296,4 км;
  • Тарату жылу желілері (ТЖЖ) – 1 088,9 км.

Жылу желілері жұмыстарының гидравликалық режимін қамтамасыз ету үшін – 69 сорғы станциясы орнатылды (магистральдық сорғылар – 20 бірлік, тарату – 49 бірлік), оның ішінде:

Жылу желілерінде ЫСЖ ең жоғары жүктемелерін теңестіру үшін 24 бак-аккумулятор орнатылған.

  • жылғы 31 желтоқсан жағдайы бойынша пайдалану мерзімі 25 жылдан жоғары жылу желілерінің үлесі 57,9% немесе 802,6 км құрайды, оның ішінде
  • ТЖЖ: 64,4% немесе 700,9 км;
  • МЖЖ: 34,3% немесе 101,7 км.

Желілердің негізгі үлесін диаметрі 40-тан 400 мм-ге дейінгі 1 193,89 км (86,18%) құбырлар құрайды, диаметрі 500-ден 1 000 мм-ге дейінгі желілердің үлесі 191,46 км (13,82%) құрайды.

Жыл сайын «АлЖЖ» ЖШС жылу желілерінің жалпы ұзындығына «АлЖЖ» ЖШС теңгеріміне берілген жаңадан салынған және коммуналдық жылу желілері қосылады. «АлЖЖ» ЖШС жылу желілерінің ұзындығы 2022 жылмен салыстырғанда 25,42 км-ге артты.

Магистральдық жылу желілеріндегі зақымданудың төмендеуі магистральдық желілерді алдын-ала оқшауланған орындаумен жыл сайын қайта құрылымдау есебінен оң нәтиже көрсетеді.

2. Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы.

ҚР ҰЭМ 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығының (бұдан әрі – ТҚҚ) 6-тарауының 335-тармағына сәйкес «АлЖЖ» ЖШС-ның инвестициялық бағдарламасы Қазақстан Республикасының даму басымдықтары мен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін ескере отырып, әзірленді, тиісінше онда мыналарға бағытталған іс-шаралар көзделген:

— қолданыстағы активтерді кеңейту, жаңғырту, қайта құрылымдау, жаңарту, реттелетін жылумен жабдықтау қызметін ұсынудың технологиялық циклінде тікелей пайдаланылатын жаңа активтерді құру;

— энергия үнемдеуді қамтамасыз ету және энергия тиімділігін арттыру;

— реттеліп көрсетілетін қызметтердің (жылыту және ыстық сумен жабдықтау) сапасын арттыру.

ТҚҚ 6-тарауының 338-тармағына сәйкес бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асыру «АлЖЖ» ЖШС тарифінде ескерілген пайда мен амортизациялық аударымдар есебінен жүзеге асырылуы тиіс. Айта кету керек, «АлЖЖ» ЖШС-ның 2023 жыл үшін бекітілген мөлшерде 1 902 млн.тг. кезінде нақты амортизациясы 5 326 млн.теңгені құрайды. Инвестициялық бағдарламаны толық көлемде бекіту жылу желілерінің тозуының ұлғаюына әкелмейді, осылайша, іс жүзінде кәсіпорын тек тозу көрсеткішін бұрынғы деңгейде ұстап тұра алады.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті (бұдан әрі – ТМРКД) 2024 жылғы 22 ақпандағы №23-НҚ үшін 2023 жылғы инвестициялық бағдарламаны орындау жоспарына сомасы 1 902 млн.теңгеге түзету бекітті, іс жүзінде 2023 жыл үшін инвестициялық бағдарламаның нақты орындалуы бойынша сомасы 1 895 млн. теңгені құрады, яғни инвестициялық бағдарлама 99% орындалды.

ҚҚС-сыз

3. Бекітілген тарифтік сметаның бап бойынша орындалуы туралы. 2023 жыл үшін жылу энергиясын беру, бөлу және жабдықтау қызметтеріне тарифтік сметаны орындау.

ҚҚС-сыз

р/сКөрсеткіштер атауыӨлшем бірлігіБекітілген тарифтік смета2022 ж. үшін орындалу%Ескерту
12345
I.Тауарларды өндіруге және қызметтерді ұсынуға арналған шығындар, барлығымың теңге18 017 106,622 627 163,26%
1Материалдық шығындар, барлығымың теңге1 978 056,12 080 421,55% 
оның ішінде:    
1.1Шикізат пен материалдармың теңге91 755,291 635,4-0,1%Мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша үнемдеу
1.2ЖЖМмың теңге91 022,0140 749,455%Артық шығындардың себептері: — бензин құнының 33% — ға, диз.отын 46% (2020-2023жж. бастап)өсуі; — автокөліктің жоғары тозуына байланысты ЖЖМ шығынын ұлғаюы
1.3Су және кәрізмың теңге25 021,929 129,616%Артық шығын «Алматы Су» МКК тарифінің 69% — ға өсуімен байланысты (2023 жылғы 1 шілдеден бастап).
1.4Энергиямың теңге1 770 257,11 818 907,103%Артық шығындардың себептері: — электр энергиясына тарифтің 1 шілдеден бастап 13%-ға өсуі; − «АлЭС» АҚ жылу көздерінің жылу энергиясына тарифтердің өсуі (1 тамыздан бастап) — 13,7%, «АЖЖЭ» ЖШС (1 тамыздан бастап) — 39%. 
2Еңбекке ақы төлеу шығыстары, барлығымың теңге6 590 077,86 618 888,00,4% 
3.Амортизациямың теңге1 959 227,05 319 402,0172%Артық шығын кәсіпорынның теңгеріміне қайта жаңартылған магистральдық және тарату желілерін қабылдаумен байланысты, бұл негізгі құралдардың амортизациялық шығындарын арттырады.
4.Нормативтік ысыраптарға арналған шығындармың теңге6 202 410,86 815 370,310%Артық шығындардың себептері: — «АЖЖЭ» ЖШС химиялық тазартылған су құнының өсуі-23%. — кәсіпорынның теңгеріміне иесіз желілерді қабылдау (25 км).
5.Жөндеумың теңге1 065 362,91 378 718,029%Артық шығындардың себептері: — асфальт құнын 12%-ға арттыру — МЖЖ апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының көлемін ұлғайту (10%), 2023ж. 31.12 жағдайы бойынша желілердің тозуы 57,9% құрайды.
6.Салықтар (экологиялық төлемдер)мың теңге1 272,81 356,87%  Артық шығын қоршаған ортаға теріс әсер ететін шығарындылар санын ұлғайту есебінен пайда болды (автокөліктің жоғары тозуына байланысты ЖЖМ есептен шығару).
7.Бөгде ұйымдардың қызметтері, барлығымың теңге220 699,2413 007,287% 
II.Кезеңдік шығындар, барлығымың теңге2 015 386,02 128 910,96% 
9.Сыйақы төлеуге арналған шығындармың теңге5 748,55 748,50%«Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша кредиттік шарт
IIIҚызмет көрсетуге арналған барлық шығындармың теңге20 038 241,1124 761 823,1024% 
IVПайдамың теңге0,0-4 655 246,1  
VБарлық кірістермың теңге20 038 241,120 106 577,00,3% 
VIКөрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемімың теңге6 795,46 818,60,3% 
VIIНормативтік техникалық ысыраптар%15,23%16,16%6%   
мың Гкал1 220,51 313,88%
VIIIТариф (ҚҚС-сыз)теңге/Гкал2 948,782 948,78% 

4. Реттеліп көрсетілетін қызметтің сапа және сенімділік көрсеткіштері туралы
5. Реттеліп көрсетілетін қызметтің сапа және сенімділік көрсеткіштері және табиғи монополиялар субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштері туралы:

Реттелетін қызметтердің сапасы мен сенімділігінің көрсеткіштері және субъект қызметінің тиімділік көрсеткіштері тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдана отырып, тарифті қалыптастыру кезінде бекітіледі (2019 жылғы 13 тамыздағы №73 Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының  13-Тарауы).

АлЖЖ» ЖШС үшін тариф пен тарифтік сметаның бес жылдық шекті деңгейі шығынды әдіспен бекітілді, осыған байланысты, реттелетін қызметтердің сапасы мен сенімділігінің көрсеткіштері және субъект қызметінің тиімділік көрсеткіштері бекітілмеген (2022 жылғы 11 қаңтардағы №143-НҚ бұйрығы).

6. Қызметтің негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштері туралы

          2023 жыл кезеңінде Кәсіпорын 67 389,68 млн.тенге мөлшерінде табыс алды, табыстың негізгі үлесі жылу энергиясын өткізуге 80,75% — ға келеді; жергілікті бюджеттен бөлінген ақшалай қаражаттың үлесі жалпы табыстан 17,2% — құрайды, ақшалай қаражат «АлЭС» АҚ және «АЖКЭ» ЖШС жылу көздері алдындағы кредиторлық берешекті жабуға бөлінді және жалпы табыстың 2,06% — ы Кәсіпорынның басқа және өзге де кірістеріне тиесілі.

2023 жыл үшін шығыстар 69 010,52 млн. теңгені құрады, шығындардың негізгі үлесі жылу көздерінен жылу энергиясын сатып алуға – 61% тиесілі. Сонымен қатар, негізгі шығындар: Амортизация – 8%; жалақы – 10%; электр энергиясы, салықтар және жөндеу – 7%; сондай-ақ, өзге де шығындар – 15%.

2023 жылдың қорытындысы бойынша қаржылық нәтиже – шығынының мөлшері 1 620,84 млн. теңгені құрады.

7. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы

Есептік кезең үшін жылу көздерінен сатып алулар – 7 915,3 мың Гкал құрады, өткен 2022 жылмен салыстырғанда  516 мың Гкал немесе 7%-ға ұлғайды;

  • Сатылды – 6 818,6 мың Гкал.;
  • Өз меншікті қажеттіліктеріне пайдаланылды – 18,3 мың Гкал;
  • Коммунладық желілер бойынша нормативтік ысыраптар – 35,6 мың Гкал;
  • Нормативтік ысыраптар – 1 313,79 мың Гкал;

2023 жылы жылу энергиясын сатып алу мен сатудың артуы 2023 жылы сыртқы ауа температурасының төмен болуына байланысты болды.

8. Реттеліп көрсетілетін қызметтер тұтынушыларымен жүргізілетін жұмыстар туралы.

АтауыОрталықБатысШығысЖиынтығы:% 2023г.
Кіріс корреспонденциялар2 5721 4491 1735 194-22,7%
Электрондық пошта бойынша өтініштер2 1779048363 917-19,5%
ЫСЖ ЕЖА бойынша өтінімдер15 89116 0559 83841 784+2,9%
ЖЭЕА бойынша өтінімдер8 0756 6822 70717 464-7,5%
ЫСЖ ЕЖА көрсеткіштерін енгізу74 05068 30117 118159 469-11,4%
Барлығы:102 76593 39131 672227 828-9,2%

9. Қызмет перспективалары, оның ішінде тарифтердің ықтимал өзгерістері туралы:

2024-2025 жж. жылыту кезеңіне дайындалу:

2023 жылғы жылу желілерін қайта құрылымдау жоспары:

  • ҚЭН бағдарламасы бойынша 2023 жылдан ауыспалы, ҚҚС-мен сомасы 8,49 млрд. теңге жалпы ұзындығы 4,7 км жылу желілерінің 4 объектісін қайта құрылымдау жоспарланған;
  • «АлЖЖ» ЖШС инвестициялық бағдарламасы бойынша ҚҚС-мен сомасы 1,3 млрд.теңге жалпы ұзындығы 6,25 км  жылу желілерінің 8 (2023 жылдан 1 ауыспалы және 7 жаңа) объектілерін; 2023 жылдан ауыспалы ҚҚС-мен сомасы 22,23 млн. теңгеге 1-кабельдік желіні қайта құрылымдау жоспарланған.
  • «Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» КММ тапсырысы бойынша ЖАО қаражаты есебінен ҚҚС-мен сомасы 8,3 млрд теңгеге жалпы ұзындығы 9 км — 10 объектілерді (7 екі жылдық және 3 бір жылдық) қайта құрылымдау жоспарланған.
  • 1-ҚҚС-мен сомасы 931,36 млн. теңгеге (екі жылдық) сорғы станциясы;
  • Жылу желілерін ағымдағы жөндеу — 8,0 км.;
  • Оқшаулауды қалпына келтіру — 8,6 км.

Дебиторлық берешекті қысқарту:

  • Дебиторлық берешек үшін тұтынушыларды жылумен жабдықтау қызметтерінен өшіру рейдтерін жүргізу туралы ақпаратты кәсіпорынның БАҚ және әлеуметтік желілерінде жариялау;
  • Сотқа дейінгі хабарламалар беру;
  • Дебиторлық берешегі үшін тұтынушыларды ыстық сумен жабдықтау қызметтерінен өшіру;
  • Жылу энергиясы қызметтер тұтынушыларының берешегі туралы автоматты түрде қоңырау шалу және смс-хабарламаны енгізу;
  • Атқарушылық жазбалар жасау және жеке сот орындаушыларына беру.

Қызмет көрсетуді жақсарту:

  • Қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
  • Жылумен жабдықтау қызметтерін өшіру/қосу актілері бойынша деректерді енгізуді автоматтандыру.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС