Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

ЫСЖ ЖЕА көрсеткіштері: неліктен тұтынушы көрсеткіштерді беруі керек және оларды қайда жіберу керек

Жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтер көрсетуге арналған жария шартқа сәйкес «Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алуды энергия беруші ұйымның өкілдері тұтынушының қатысуымен жүргізеді. Энергия беруші ұйымның жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу мүмкін болмаған кезде және егер, бұл ретте, тұтынушы өзі пайдаланған жылу энергиясының мөлшері туралы мәліметтерді өз бетінше ұсынбаса, есептеу нақты тұтыну бойынша кейіннен қайта есептеуді жүргізе отырып, өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі жылу энергиясының орташа тәуліктік шығысы бойынша жүргізіледі.
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС бақылаушылары тоқсан сайын тұтынушылардан ыстық суды есепке алудың жеке аспаптарының көрсеткіштерін алуды жүргізеді.  
Жеке ыстық суды есептеу аспабының нақты көрсеткіштері негізінде «ыстық су» қызметі бойынша есептеулерді орындау үшін ай сайын келесі әдістердің бірімен көрсеткіштерді бере аласыз:
1.  Байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы: 341-07-77, 341-05-30;
2.  Әкімшілік аудандар бойынша WhatsApp мессенджері арқылы:
+ 7 (701) 098-45-05 Бостандық және Алмалы аудандарында орналасқан тұтынушылар үшін нөмір («Орталық» ТҚКО)
+ 7 (701) 465-53-87 Медеу, Жетісу және Түрксіб ауданында орналасқан тұтынушылар үшін нөмір («Шығыс» ТҚКО)
+ 7 (701) 300-70-69 Әуезов, Алатау және Наурызбай ауданында орналасқан тұтынушылар үшін нөмір («Батыс» ТҚКО)
3. Alts.kz сайттағы өтінімдерді қабылдау бөліміне жіберу арқылы.
4. Telegram bot арқылы. Сілтеме https://t.me/Alm_Teploset_bot.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС