Үй ішіндегі жылыту сапасы ішкі жылумен жабдықтау жүйесінің жағдайына, күрделі жөндеуден (15 жылда бір рет ұсынылады) өтуге байланысты, үй құбырларын оқшаулау, пәтер ішінде қайта жабдықталмаған жылыту жүйесі жоқ (жүйе ғимарат салу кезінде жобаға сәйкес келуі), сондай-ақ жылу аралық маусымда дайындық қаншалықты сапалы жүргізілгеніне байланысты болады.
Жыл сайын, жылыту маусымы аяқталғаннан кейін және келесі жылдың басына дейін тұрғын үй иелері басқарушы компаниямен — ПИК немесе МИБ бірлесіп, жылыту маусымына дайындық ережелеріне сәйкес іс-шаралар кешенін жүргізуі керек.
Үй ішіндегі сапалы жылумен жабдықтау үшін жылумен жабдықтау мен ыстық судың барлық құбырларының жылу оқшаулауын тексеру, қалпына келтіру немесе жөндеу жұмыстарын жүргізу, жылуды пайдаланатын қондырғылардың барлық орнатылған бекіткіш, реттеу арматураларын тексеру және жөндеу жұмыстарын жүргізу, термометрлердің техникалық жай-күйін тексеру, техникалық май құюдан кейін гильзаларды тазалау, жылыту маусымы аяқталғаннан кейін жылу тұтыну жүйелерінің элементтерін механикалық тазалаумен гидропневматикалық жуу жүргізу қажет, жылу тұтыну жүйесінің механикалық беріктігі мен гидравликалық тығыздығына барлық элементтердің жылу тұтыну жүйелеріне гидравликалық сынақтар жүргізу, пломбаланған, тексерілген манометрлерді орнатуды жүргізу керек.
Сонымен қатар, кіреберіс есіктер мен жертөлелерді жөндеу керек, терезелердің, шатырлардың және жертөлелердің жай-күйін тексеру керек. Жылу пунктінің үй-жайына жөндеу жүргізу (әктеу, сырлау, қажетті жарықтандыруды және сенімді құлыптауды қамтамасыз ету), қажет болған жағдайда жөндеу іс-шараларын жүргізу керек. Жертөле үй-жайларының есіктерінде кондоминиум басқармасы диспетчерлік органының байланыс телефондары бар ақпарат орналастыру керек.
Барлық қажетті іс-шараларды өткізу кезінде үй-жайда жылыту сапасы едәуір жақсы болады, үйдің (ғимараттың) жылу шығыны азаяды, үй-жайдың ішіндегі температура ҚР ҚНжЕ 3.02-101-2012 сәйкес талап етілетін нормаларға сәйкес болады, ауа-райы суық мезгілінде (тұрғын ғимараттардың үй-жайларында):
— қонақ бөлме, ұйықтайтын бөлме, жатақхананың қонақ бөлмелері — Цельсия бойынша 20 градус,
— электрлі және газ плиталары бар асхана — 16 градус,
— жуынатын бөлме — 25 градус,
— дәретхана — 18 градус,
— біріктірілген санитарлық бөлме — 25 градус,
— үйдегі немесе жатаханадағы баспалдақ алаңы, ортақ дәліз — 16 градус.