Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

2022 жылға арналған инвестициялық бағдарламаны орындау бойынша «Алматы жылу жүйесі» ЖШС Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесіп пресс-тур өткізді

2022 жылғы 23 тамызда «Алматы жылу жүйесі» ЖШС Алматы қаласы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы департаментінің қатысуымен «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-ның 2022 жылға арналған инвестициялық бағдарламасын орындау бойынша баспасөз-тур өткізді.
Бүгінгі баспасөз туры Досмұхамедов көшесі бойында (Құрманғазы көшесі мен Алмалы ауданындағы Абай даңғылы арасында) және садовников көшесі бойында (Төле-би көшесі мен Өтеген батыр көшесі, 82-үй, орталық жылу пункті) орналасқан жылу тарату желілерін қайта жаңарту объектілерінде өткізілді.
Бүгінгі өткізілген баспасөз-тур Досмұхамедов көшесі бойында (Алмалы ауданындағы Құрманғазы көшесі мен Абай даңғылы арасында) және Садовников көшесі бойында (Төле би көшесі мен ОЖП арасы (орталық жылу пункті) Өтеген батыр көшесі, 82-үй) орналасқан жылу тарату желілерін қайта құрылымдау объектілерінде өткізілді. Осы объектілерде өткізілетін іс-шаралар 40-қа жуық көппәтерлі тұрғын үймен және іргелес аумақта орналасқан 15 өзге де объектілерде тұратын тұрғындарды сапалы жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл іс-шараның негізгі міндеті — Алматы қаласының жылу желілерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, қаланы жылумен жабдықтау жүйесін дамыту, технологиялық учаскелер жұмысының тиімділігін арттыру, пайдалану сапасын жақсарту және жылу желілері мен құрылыстарының қызмет ету мерзімін ұзарту, заманауи материалдар мен жабдықтарды пайдалану нәтижесінде пайдалану шығындарын оңтайландыру. Айта кету керек, жүргізіліп жатқан жұмыстар жылыту маусымы кезінде штаттан тыс жағдайлардың тәуекелдерін азайтуға да әсер етеді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылы инвестициялық бағдарламаны іске асыру шеңберінде өз қаражатынан тарату желілерінде жалпы ұзындығы шамамен 1,35 км болатын төрт объект бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Қайта құрылымдау төрт қалалық көше бойынша жүргізілді: 
— Досмұхамедов көшесімен Құрманғазы көшесінен Абай даңғылына дейін (Ду-159, 133, 108мм, 193м);
— Садовников көшесімен Төле би көшесінен Өтеген батыр көшесіне дейін, 82 үй (Ду — 300, 250, 150мм, 881 м);
— Бөгенбай батыр және Қарасай батыр көшелерінен Радостовец көшесінің батысына қарай (Ду-200 мм, 177 м);
— Орбита-4 ықшам ауданында 7 және 8 үйлер арасы (Ду-159 мм, 99м).

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС