Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматыда 17 маусымда жылу желілерін екі апталық сынақтан өткізу басталады

2024 жылдың 17 маусымы мен 28 маусымы аралығында Алматы қаласының барлық аудандарының аумағында жөндеуден кейін жылу желілерін гидравликалық сынақтан өткізу жүргізіледі.

Бұл күндері, күн сайын таңғы сағат 4-тен 7-ге дейін магистралдық және тарату құбырлары тікелей тексерілетін кезде, қала тұрғындары мен мегаполис қонақтарына аса сақ болып, қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береміз!

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қарамастан, төтенше жағдайлардың орын алуы қаупін де жоққа шығаруға болмайды: судың жер бетіне жетуі, жол жабынының жартылай бұзылуы және т.б. Мұндай жағдайларда өз бетіңізше әрекет жасамаңыз, орын алған жайт туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-не 378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір), байланыс орталығы (call-центр): 341-07 -00 немесе 341-07-77 (қосымша 1011 немесе 1014), сондай-ақ 109 телефон нөмірлері арқылы хабарлап, оқиға орнынан дереу кетіп қалыңыз.

Жылу желілерін сынауды жүргізудің кестесі:

17 маусымда
Алмалы және Жетісу аудандары: Райымбек – Бродского — Рысқұлов – Сейфуллин көшелері.

17 мен 21 маусым аралығында
Алмалы, Жетісу мен Медеу аудандары: Бөгенбай батыр – Мұратбаев – Мақатаев – Сейфуллин – Тобаяқов – Назарбаев – Маметова – Уәлиханов көшелері;

Бостандық ауданы: Аскаров көш. –Мирас шағынауданы – санаторий «Алматы» – Саин – Әл-Фараби –Қазақфильм шағынауданы — Рысқұлбеков – Каблукова – Басенов – Өтепов – Розыбакиев – Жароков –Алмагүл шағынауданы – Ходжанов – ҚазҰУ – Тимирязев – М. Ганди – Назарбаев көшелері;

Лисянского – Розыбакиев – Жароков – Эксперименталдық база – Ходжанов – Әл-Фараби – Алмагүл шағынауданы; Орбита-1,2,3,4 шағынаудандары – Саин – Рысқұлбеков – Розыбакиев – Үлкен Алматы өзені – Өтепов – Жароков – Басенов көшелері;

Медеу ауданы:
Тайманов – Чайкина – Достық – Меңдіқұлов – Әл-Фараби – Жолдасбеков – Достық – Байжанов көшелері – ІІМ санаторийы;

Алмалы, Жетісу мен Медеу аудандары:
Сейфуллин – Рысқұлов – Жангелдин – Райымбек – Куратов – Гоголь көшелері.

18 мен 19 маусымда
Әуезов, Наурызбай мен Алмалы аудандары: Абай – Райымбек – Яссауи – Гайдар көшелері.

19 маусымда
Алатау ауданы: Райымбек – Отрарская – Рысқұлов – Н.Данченко көшелері.
Алмалы ауданы: Чокин – Петров – Қарасай батыр – Райымбек көшелері.

20 маусымда
Наурызбай ауданы: Жобаланып жатқан көше – Айтбаев – Райымбек – Алтын Алаш көшелері.

21 маусымда
Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Райымбек – Фариза Оңғарсынова көшелері;
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Мақатаев – Розыбакиев – Шарипов көшелері.

20 мен 21 маусымда
Әуезов, Наурызбай мен Бостандық аудандары:
Төле би – Сатпаев – Ашимов – Ислам Каримов көшелері.

24 маусымда
Наурызбай ауданы:
Райымбек – Жүнісов – Абай – Алтын Орда көшелері;

Алмалы және Бостандық аудандары:
Қарасай батыр – Тимирязев – Шагабутдинов – Розыбакиев көшелері.

24 мен 28 маусым аралығында
Алмалы және Бостандық аудандары: Әйтеке би– Панфилов – Сатпаев – Масанчи көшелері; Панфилов – Абай – Желтоқсан – Тимирязев көшелері –Есентай өзені – Гоголь көшесі;

Жетісу мен Түрксіб аудандары: Рысқұлов – Сейфуллин – Солтүстік айналым – Боралдай (Бурундайская) көшелері;

Медеу, Алмалы мен Бостандық аудандары: Гоголь – Курганская – Сатпаев – Чайковский көшелері.

25 маусымда
Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Фариза Оңғарсынова көшелері — Зерделі шағынауданы.

25 мен 26 маусымда
Әуезов пен Алмалы аудандары: Рысқұлбеков көшесі – Үлкен Алматы өзені – Саин – Қуанышбаев көшелері.
26 маусымда
Алмалы және Бостандық аудандары: Қабанбай батыр – Жандосов – Варламова – Айманов көшелері.

Алатау ауданы: Аққайнар кенті – Мамбетов көш. – БАК-тың оңтүстік жағы.

26 мен 27 маусымда
Әуезов ауданы: Ұлықбек – Жандосов – Саин – Сәдуақасов көшелері.

28 маусымда
Алмалы мен Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Өтепов – Розыбакиев – Байзақов көшелері.

Жаңғырту жұмыстары кезеңінде аталған аумақтар аумағындағы барлық тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болады.

Бұл гидравликалық сынақтар қалалық жылу беру кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау шеңберінде жылу желілерінің, олардың жабдықтарының жағдайын тексеру және құбырлардың проблемалық аймақтарын анықтау үшін жүргізіледі.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз!

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС