Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматыда түнде Гагарин даңғылы бойында көлік қозғалысы шектеледі

2024 жылғы 14 маусымдағы сағат 23:00-ден 15 маусымдағы сағат 9:00-ге дейін Алматы қаласы Бостандық ауданында Гагарин даңғылы бойымен Березовский көшесінен Байқадамов көшесіне дейінгі аралықта автокөлік құралдары үшін қозғалыс жабылады.

Екі бағытта да көлік қозғалысы жабылады.

Уақытша шектеулер 1984 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан жалпы ұзындығы 1220 метр болатын, аталған көше бөлігінің автокөлік жолы бөлігінің астынан өтетін құбырды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізілді.

Бұл құбыр 97 көппәтерлі тұрғын үйді, 12 жеке тұрғын үйді, 4 балабақшаны, 4 мектепті, 2 денсаулық сақтау нысанын және басқа да 27 нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Жаңғырту жұмыстары кезеңінде аталған тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болады.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және бұл аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруларыңызды сұраймыз.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС