Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматыда 1990 жылы пайдалануға берілген құбырды ауыстыру үшін Тоқтабаев көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

2024 жылдың 6 шілдесі мен 15 қыркүйегі аралығында Алматы қаласының Әуезов ауданында Тоқтабаев көшесінің бойымен Семятова көшесінен Тургенев көшесі арқылы өтіп, Черепанов көшесіне дейін созылып жатқан аумақта көлік қозғалысы шектеледі.

Аталған учаскедегі көлік қозғалысы екі бағытта да жабылады.

1990 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан жалпы ұзындығы 810 метр болатын, аталған көше учаскесінің автокөлік жолы бөлігінің астынан өтетін құбыржолын жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бұл уақытша шектеулер енгізіліп отыр.

Бұл құбыр 14 көппәтерлі тұрғын үйді және 4 басқа нысанды жылумен қамтамасыз етеді. Жаңғырту жұмыстары кезеңінде аталған тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталары» сервистерінде орналастырылған.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және бұл аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруларыңызды сұраймыз.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС