Бейсенбі, 2024 жылғы 25 шілдеде (басталу уақыты сағ. 15:00, аяқталу уақыты сағ. 16:30) тұтынушыларға және басқа да мүдделі тараптарға арналған 2024 жылдың 1 жартыжылдығындағы кәсіпорынның жылу энергиясын беру және тарату саласындағы қызметі туралы жылдық есебі бойынша тыңдаулар өтті. «Алматы жылу жүйесі» ЖШС (бұдан әрі – «АлЖЖ» ЖШС) Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 221 үй, 3-қабат, 319-кабинет мекенжайы бойынша жария тыңдаулар өткізді. Сондай-ақ ZOOM конференциясы арқылы онлайн трансляция жүргізілді.
Тұтынушыларға және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған 2024 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындылары бойынша негіздемелермен
«АлЖЖ» ЖШС –ің реттеліп көрсетілетін қызметтерді – жылу энергиясын беру, тарату — көрсетуі туралы есебі (бұдан әрі – Есеп)
Қағиданың 299 тармағына сәйкес есеп мынадай ақпаратты қамтиды:
- табиғи монополия субъектісі туралы жалпы ақпарат.
- бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы.
- бекітілген тарифтік сметаның баптарының орындалуы туралы.
- реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтауы туралы.
- табиғи монополия субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы.
- табиғи монополия субъектісі қызметінің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы.
- реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы.
- реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша тұтынушыларымен жүргізілетін жұмыс туралы.
- қызметтің перспективалары (даму жоспарлары), оның ішінде тарифтердің ықтималдық өзгерістері туралы.
1. «АлЖЖ» ЖШС туралы жалпы ақпарат.
«АлЖЖ» ЖШС жылу энергиясын беруді, таратуды және жабдықтауды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектісі болып табылады.
«АлЖЖ» ЖШС негізгі қызметі «Алматы электр станциялары» АҚ (ЖЭО-1, ЖЭО-2, БЖК), «Алматыжылужайэнерго» ЖШС (85 қазандық) жылу көздерінен жылу энергиясын тасымалдауды қамтамасыз ету және Алматы қаласының тұтынушыларын жылыту энергиясымен және ыстық сумен жабдықтау болып табылады.
2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жылу желілерінің ұзындығы 1 385,3 км құрайды, оның ішінде:
- Магистралдық жылу желілері (МЖЖ) — 296,4 км;
- Тарату жылу желілері (ТЖЖ) – 1 088,9 км.
Жылу желілері жұмыстарының гидравликалық режимін қамтамасыз ету үшін – 69 сорғы станциясы орнатылды (магистральдық сорғылар – 20 бірлік, тарату – 49 бірлік), оның ішінде:
Жылу желілерінде ЫСЖ ең жоғары жүктемелерін теңестіру үшін 24 бак-аккумулятор орнатылған.
2023 жылғы 31 желтоқсан жағдайы бойынша пайдалану мерзімі 25 жылдан жоғары жылу желілерінің үлесі 57,9% немесе 802,6 км құрайды, оның ішінде
- ТЖЖ: 64,4% немесе 700,9 км;
- МЖЖ: 34,3% немесе 101,7 км.
Желілердің негізгі үлесін диаметрі 40-тан 400 мм-ге дейінгі 1 193,89 км (86,18%) құбырлар құрайды, диаметрі 500-ден 1 000 мм-ге дейінгі желілердің үлесі 191,46 км (13,82%) құрайды.
Магистральдық жылу желілеріндегі зақымданудың төмендеуі магистральдық желілерді алдын-ала оқшауландыруды іс жүзіне асыру және жыл сайынғы қайта құрылымдаудың арқасында қол жеткізілген оң нәтиже болып табылады.
2. Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы.
ҚР ҰЭМ 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығының (бұдан әрі – ТҚҚ) 6-тарауының 335-тармағына сәйкес «АлЖЖ» ЖШС-ның инвестициялық бағдарламасы Қазақстан Республикасының даму басымдықтары мен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін ескере отырып, әзірленді, тиісінше онда мыналарға бағытталған іс-шаралар көзделген:
— қолданыстағы активтерді кеңейту, жаңғырту, қайта құрылымдау, жаңарту, реттелетін жылумен жабдықтау қызметін ұсынудың технологиялық циклінде тікелей пайдаланылатын жаңа активтерді құру;
— энергия үнемін қамтамасыз ету және энергия тиімділігін арттыру;
— реттеліп көрсетілетін қызметтердің (жылыту және ыстық сумен жабдықтау) сапасын арттыру.
ТҚҚ 6-тарауының 338-тармағына сәйкес бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асыру «АлЖЖ» ЖШС тарифінде ескерілген пайда мен амортизациялық аударымдар есебінен жүзеге асырылуы тиіс.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті (бұдан әрі – ТМРКД) 2024 жылғы 22 ақпандағы №23-НҚ үшін 2024 жылғы инвестициялық бағдарламаны орындау жоспарына сомасы 5 023,82 млн.теңге болатын түзетуді енгізуді бекітті, іс жүзінде 2024 жылдың 1 жартыжылдығына инвестициялық бағдарламаны іске асыру 2024 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша 384,47 млн.теңгені құрады, инвестициялық бағдарлама 8%-ға орындалды. Келісім орындалу сатысында.
ҚҚС-сыз
3. Бекітілген тарифтік сметаның бап бойынша орындалуы туралы.
2024 жылдың 1 жартыжылдығына жылу энергиясын беру, тарату және жабдықтау жөніндегі қызметтерге қатысты тарифтік сметаны орындау.
ҚҚС-сыз
№ р/н | Көрсеткіштердің атауы | Өлшем бірлігі | Бекітілген тарифтік сметада қарастырылған | 2024 жылға арналған нақты ағымдағы көрсеткіштер | Ауытқу (+,-) 5-4 | % | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
I. | Тауар өндіруге және қызметтерді көрсетуге кеткен шығындар, барлығы | Мың теңге | 22 943 407,9 | 12 695 064,8 | -10 248 343,2 | -45% | |
1 | Материалдық шығындар, барлығы | Мың теңге | 1 556 818,6 | 1 319 321,7 | -237 496,9 | -15% | |
соның ішінде: | |||||||
1.1 | Шикізат және материалдар | Мың теңге | 100 268,6 | 48 307,9 | -51 960,7 | -51,8% | Шарттарды орындау және жасау сатысында. |
1.2 | Жанар-жағармай материалдары | Мың теңге | 94 662,9 | 115 835,4 | 21 172,6 | 22% | Артық шығындардың себептері: − бензин құнының өсуі 58%, дизель отыны 46%-ға ( 2020-2023жж.); − автокөліктердің жоғары тозуына байланысты отын шығынының артуы |
1.3 | Су және канализация | Мың теңге | 26 920,4 | 12 689,8 | -14 230,6 | -53% | |
1.4 | Энергия, соның ішінде: | Мың теңге | 1 334 966,7 | 1 142 488,6 | -192 478,1 | -14% | |
1.4.1 | Электр энергиясы | Мың теңге | 1 268 665,1 | 1 085 065,64 | -183 599,5 | -14% | 2023 жылғы 1 шілдеден бастап электр энергиясы тарифін 25%-ға көтеру. |
1.4.2 | Шаруашылық қажеттіліктеріне арналған жылу энергиясы мен химтазартылған су | Мың теңге | 66 301,6 | 57 422,94 | -8 878,7 | -13% | «АлЭС» АҚ жылу көздерінен жылу энергиясына тарифтердің өсуі (2023 жылғы 1 тамыздан) – 26%, «АТКЕ» ЖШС (2023 жылғы 1 тамыздан) – 39%. |
2 | Еңбек шығындары, барлығы | Мың теңге | 8 590 289,6 | 4 266 077,1 | -4 324 212,5 | -50% | |
3. | Амортизациясы | Мың теңге | 4 952 136,5 | 2 768 932,5 | -2 183 204,0 | -44% | |
4 | Нормативтік шығындардың ысырабы | Мың теңге | 6 718 753,5 | 3 557 032,4 | -3 161 721,2 | -47% | |
5 | Жөндеу | Мың теңге | 857 977,9 | 574 006,6 | -283 971,4 | -33% | |
6 | Салықтар (экологиялық төлемдер) | Мың теңге | 1 660,6 | 645,8 | -1 014,7 | -61% | |
7 | Бөгде ұйымдардың қызметі, барлығы | Мың теңге | 265 771,2 | 209 048,7 | -56 722,5 | -21% | Шарттарды орындау және жасау сатысында. |
II. | Кезең шығындары, барлығы | Мың теңге | 2 344 386,8 | 1 323 064,0 | -1 021 322,8 | -44% | |
8 | Жалпы және әкімшілік шығындар, барлығы | Мың теңге | 2 344 386,8 | 1 323 064,0 | -1 021 322,8 | -44% | |
9 | Сыйақы төлеу бойынша шығындар | Мың теңге | 5 748,5 | 0,0 | -5 748,5 | -100% | |
III | Қызмет көрсетуге кеткен жалпы шығындар | Мың теңге | 25 293 543,19 | 14 018 128,7 | -11 275 414,5 | -45% | |
IV | Пайда (+) / залал (-) | Мың теңге | 0,0 | 2 779 811,4 | 2 779 811,4 | 0% | |
V | Жалпы табыс | Мың теңге | 25 293 543,2 | 16 797 940,1 | -8 495 603,1 | -34% | |
VI | Көрсетілген қызметтердің көлемі (тауарлар, жұмыстар) | Мың Гкал | 6 354,8 | 4 220,4 | -2 134,5 | -33,6% | |
VII | Стандартты техникалық шығындар | % | 14,88% | 12,29% | 0,0 | -17% | |
Мың Гкал | 1 110,5 | 591,2 | -519,2 | -47% | |||
VIII | Тариф | теңге/Гкал | 3 980,20 | 3 980,20 | 0,0 | 0% |
4. Реттеліп көрсетілетін қызметтің сапа және сенімділік көрсеткіштері туралы.
5. Реттеліп көрсетілетін қызметтің сапа және сенімділік көрсеткіштері және табиғи монополиялар субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштері туралы:
Реттелетін қызметтердің сапасы мен сенімділігінің көрсеткіштері және субъект қызметінің тиімділік көрсеткіштері тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдана отырып, тарифті қалыптастыру кезінде бекітіледі (2019 жылғы 13 тамыздағы №73 Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының 13-Тарауы).
АлЖЖ» ЖШС үшін тариф пен тарифтік сметаның бес жылдық шекті деңгейі шығынды әдіспен бекітілді, осыған байланысты, реттелетін қызметтердің сапасы мен сенімділігінің көрсеткіштері және субъект қызметінің тиімділік көрсеткіштері бекітілмеген (2022 жылғы 11 қаңтардағы №143-НҚ бұйрығы).
6. Қызметтің негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштері туралы
2024 жылдың 1 жартыжылдығы кезеңінде Кәсіпорын 40 900,80 млн.тенге мөлшерінде табыс тапты, табыстың негізгі үлесі жылу энергиясын өткізу есебінен болып, ол табыстың 99% -ын құрады; жалпы табыстың 1% — ы Кәсіпорынның басқа кірістерінің үлесіне тиесілі болды.
2024 жылдың 1 жартыжылдығына үшін шығыстар 39 008,39 млн. теңгені құрады, шығындардың негізгі үлесін – 71% — жылу көздерінен жылу энергиясын сатып алуға кеткен қаражат құрады. Сонымен қатар, негізгі шығындар: Амортизация – 7%; жалақы – 12%; электр энергиясы, салықтар және жөндеу – 7%; сондай-ақ, өзге де шығындар – 3% (айыппұлдар, тұрақсыздық төлемі, өсімпұлдар, зардап шеккендерге өтемақы, мүшелік жарналар, іс-шаралар, ақпараттық есептеу орталығының қызметтері, нотариалдық қызметтер және т.б.) мөлшерінде болды.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қаржылық нәтижесі бойынша пайда көлемі 1 892,41 миллион теңгені құрады.
7. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы
Есепті кезеңде жылу көздерінен сатып алу 4 554,67 мың Гкал құрады, көрсеткіш өткен 2023 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 25,95 мың Гкал немесе 0,5%-ға азайды;
Іске асырылғаны – 4 220,38 мың Гкал, 2023 жылмен салыстырғанда 2,4%-ға төмендеген (105,92 мың Гкал);
2024 жылдың 1 жартыжылдығында жылу энергиясын сатып алу-сату көлемінің төмендеуінің себебі:
— 2023 жылғы қаңтар мен ақпандағы орташа айлық температура 2024 жылғы қаңтар және ақпандағы орташа айлық температурадан төмен болды *.
8. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге қатысты тұтынушыларымен жүргізілетін жұмыстар туралы.
2024 жылдың 1 жартыжылдығына Кәсіпорын бойынша келіп түскен хат-хабарлар саны, электрондық құжат айналымында ресми тіркелген 11 456 сұраныс болған, яғни, 2023 жылдың әуелгі 1 жартыжылдығымен салыстырғанда тиісті көрсеткіш 11%-ға немесе 1121 сұранысқа өсті. Барлық түсетін хат-хабарлардың 90%-ы Кәсіпорынның коммерциялық блогының үлесіне тиесілі.
«АлЖЖ» ЖШС іс–әрекеті шеңберінде 3 (үш) бағытта (Батыс, Орталық, Шығыс) тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы жұмыс істеп жатыр. ЖШС «Бірыңғай терезе» қағидасын басшылыққа ала отырып жұмыс істеуде, бұл тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға және құжаттарды өңдеу мен қызмет көрсетуге кететін уақытты айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтары 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 43929 тұтынушыны қабылдады. 2023 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда тұтынушыларды қабылдау 2%-ға төмендеді.
2024 жылдың 1 жартыжылдығында түскен кіріс қоңыраулардың жалпы саны 90 335 қоңырауды құрайды, оның 90%-ы Байланыс орталығына түскен қоңыраулар, 81 096 түскен қоңыраулар 2023 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 1%-ға өсті. Қалған 10% -ды немесе 9239 кіріс қоңырауды Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығының қызметкерлері өңдеген.
Сонымен қатар, Серіктестік Интернет ресурстары, WhatsApp-мессенджері, кәсіпорынның ресми сайты, Facebook, Instagram және тағыда басқа әлеуметтік желілер арқылы сұраулар мен өтініштерді қабылдайды.
Мысалға, WhatsApp мессенджері арқылы, 2024 жылдың 1 жартыжылдығында тұтынушылардан 6 313 сұраныс түсті, бұл 2023 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 40%-ға артық.
9. Қызмет перспективалары, оның ішінде тарифтердің ықтимал өзгерістері туралы:
2024-2025 жж. жылыту кезеңіне дайындалу көрсеткіштері:
2024 жылға арналған жылу желілерін қайта құру жоспары:
- ҚЭН бағдарламасына сәйкес 2023 жылдан бастап берілетін, жалпы ұзындығы 4,7 км болатын 4 жылу желісі нысанын жаңғырту жоспарлануда, бұған ҚҚС-ты есепке алғанда 8,49 млрд.теңге. қаражат жұмсалады;
- инвестициялық бағдарламаға сәйкес «АлЖЖ» ЖШС жылу желісінің 8 нысанын жаңғырту жоспарлануда;
- (2023 жылдан бастап 1 және 7 жаңа) жалпы ұзындығы 6,25 км, ҚҚС есебімен 4,767 млрд.теңге сомасындағы; 1 – кабельдік желіні тарту жоспарланған, 2023 жылдан бері ҚҚС есебімен 22,23 млн.теңге сомасында қаржы игерілді.
− «Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бұйрығымен» ЖБҚ қаражаты есебінен жалпы ұзындығы 9 шақырымды құрайтын 10 нысанды (7 екі жылдық және 3 бір жылдық) ҚҚС есебімен 9,24 млрд теңгеге жаңғырту жоспарлануда.
1 – сорғы станциясы ҚҚС қоса алғанда 931,36 млн.теңге (екі жылдық)
- жылу желілерін ағымдағы жөндеу – 8,0 км;
− оқшаулауды қалпына келтіру – 8,6 км.
Дебиторлық берешекті қысқартуға қатысты атқарылуы тиіс шаралар:
- Дебиторлық берешек үшін тұтынушыларды жылумен жабдықтау қызметтерінен өшіру рейдтерін жүргізу туралы ақпаратты кәсіпорынның БАҚ және әлеуметтік желілерінде жариялау;
- Сотқа дейінгі хабарламалар беру;
- Дебиторлық берешегі үшін тұтынушыларды ыстық сумен жабдықтау қызметтерінен өшіру;
- Жылу энергиясы қызметтер тұтынушыларының берешегі туралы автоматты түрде қоңырау шалу және смс-хабарламаны енгізу;
- Атқарушылық жазбалар жасау және жеке сот орындаушыларына беру.
Қызмет көрсетуді жақсартуға қатысты қолданылмақшы шаралар:
- Қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
- Жылумен жабдықтау қызметтерін өшіру/қосу актілері бойынша деректерді енгізуді автоматтандыру.
Жылумен жабдықтау қызметтеріне арналған тарифтің өзгеруі
− ТҚҚ-ның 601-тармағына сәйкес, уәкілетті орган бекіткен тарифтің мерзімі өткенге дейін өзгеруі ықтимал.