Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматыда әлеуметтік нысандарда жылуды 7 қазаннан бастап қоса бастайды

7-ші қазаннан бастап 11 қазанға дейін әлеуметтік нысандарда: балабақшаларда, мектептерде және ауруханаларда жылуды қоса бастайды, содан кейін тұрғын үй қоры мен басқа да нысандарға жылу қосылады. Жылу кезең-кезеңімен қосылып, бірнеше күнге созылады.

Бұл ретте жылу желілері үйге кіреберісте жылуды қосу үшін параметрлерді ұсынады. ПИК және МИБ апаттық және сервис қызметтері тараптардың пайдалану жауапкершілігі шекарасында тұтынушыларды қосады – үйдің жылуын қосады және үйішілік желілерді реттейді (радиаторлардағы, тікқұбырлардағы ауаны жібереді және т.б.).

Жылыту маусымын дайындау және жүргізу қағидаларына сәйкес тұтынушылар ыстық сумен жабдықтауға келесі кезектілікпен қосылады:

  • балаларға арналған, емдеу, мектеп мекемелері, кәсіби мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер;
  • тұрғын ғимараттар, жатақханалар, қонақ үйлер;
  • әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;
  • басқа ғимараттар.

Алматы қаласында жылыту кезеңі сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы бес тәулік бойы +8 градус және одан төмен болған кезде басталады.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС