Республика күнінің қарсаңында «АлЖЖ» ЖШС-ң коммерциялық директоры Б.А. Нурсеитов су деңгейінің көтерілуінен туындаған төтенше жағдайдың салдарын жою шараларын ұйымдастыруға белсенді қатысқаны үшін «Ерен еңбегі үшін» медалін мемлекеттік наградасына ие болды.
Бұл маңызды жұмыс зардап шеккен адамдардың қалыпты өмір сүру жағдайларын қалпына келтіруде басты рөл атқарды. Б.А. Нурсеитовтың және оның командасының атқарған жұмысының арқасында табиғи апаттың салдарын дер кезінде жоюға, залалды барынша азайтуға және инфрақұрылым объектілерінің жұмысын қалпына келтіруге мүмкіндік туды. Бұл жетістік оның үйлесімді жұмысының, ұйымдастырушылық қабілеттерінің және ісіне адалдығының нәтижесі болды.
Біз оның жетістіктерін мақтан тұтамыз және тұрғындардың қауіпсіздігі мен амандығын қамтамасыз етуге қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс білдіреміз. Әріптесімізді лайықты наградасымен құттықтаймыз және еліміздің игілігі үшін атқарып жүрген еңбегіне болашақта зор табыс тілейміз!