Төлемақы есептеу құралының бар-жоғына байланысты жүзеге асырылады.
«Инвестициялармен алмасу тарифі» бағдарламасын іске асыру барысында 2024 жылы монополияға қарсы ведомстводан жылумен жабдықтау қызметінің тарифінің өзгеретіні туралы хабарланды.
Сонымен бірге, 2024 жылдың қараша айындағы түбіртектерде тұтынушылар үшін жылу энергиясы есептеу құралы бар жеке тұлғалар топтары бойынша сараланған тарифтердің енгізілетіні туралы хабарланды. Бірінші топқа есептеу құралы бар, жылытылатын аумағы 100 м²-ге дейінгі жеке тұлғалар, екінші топқа жылытылатын аумағы 100 м²-ден 200 м²-ге дейінгі жеке тұлғалар, үшінші топқа аумағы 200 м²-ден асатын жеке тұлғалар кіреді. Тарифтерді монополияға қарсы ведомство бекітті.
Жалпыүйлік есептеу құралы орнатылған үйлерде жылу және ыстық су қызметі үшін тұрақты төлем жоқ. Төлем сыртқы ауаның температурасы мен тұрғын үйдегі жылу тасымалдағыштың нақты тұтынылуына байланысты, оны жалпыүйлік жылу энергиясы есептеу құралы тіркейді. Өткен жылдың (және алдыңғы жылдардың) түбіртектерін тексерсеңіз, жылу маусымында төлем әр ай сайын өзгеріп тұратынын байқайсыз.
Ақпан айындағы түбіртектерде есептелген сомалар екі кезеңді (желтоқсанның бір бөлігі және қаңтардың бір бөлігі) қамтиды.
Монополияға қарсы ведомствоның 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифті өзгертуіне байланысты төлем екі кезеңге бөлінген. Яғни, 31 желтоқсанға дейін бұрынғы тариф бойынша есептеліп, 1 қаңтардан бастап өзгертілген тариф бойынша есептелген. Бұл ретте, екі кезең бойынша төлем туралы ақпарат «Алсеко» түбіртегінде көрсетіледі.
«Жылумен жабдықтау» және «ыстық су» қызметтері бойынша төлемақыларға қатысты сұрақтарыңыз болса, тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарына немесе кәсіпорынның анықтама қызметіне жүгіне аласыз:
Анықтама қызметі +7 727 341 0777, +7 701 027 1120 (WhatsApp),
Анықтама қызметінде төлемдердің дұрыстығын тексеріп, толық кеңес береді, әр жағдай жеке қаралады.
Қосымша байланыстар www.alts.kz сайтында орналастырылған.