Алматы қаласында сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +8⁰-тан жоғары болып, бес күн бойы гидрометеорологиялық қызметпен тіркелуіне байланысты, уәкілетті орган 2024–2025 жылдардағы жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылдады.
Жылу өшіру кезең-кезеңімен 10 сәуірден бастап келесі тәртіппен жүзеге асырылады:
алдымен әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, мәдени нысандар және басқа да мекемелер;
кейін тұрғын үйлер (көппәтерлі ғимараттар, жатақханалар, қонақүйлер);
соңында әлеуметтік нысандар (балабақшалар, емдеу орындары, мектептер, кәсіптік білім беру мекемелері, медициналық-әлеуметтік ұйымдар).
«АлТС» тарапынан жылу тасымалдау баланстық шекараға дейін (тұрғын үйге кіреберіс) тоқтатылады. Өз кезегінде басқарушы компаниялар, КСК, ОСИ әр нысанның жылу пунктін жазғы режимге ауыстыруы қажет.