2024 жылдың қорытындылары бойынша жылу энергиясын беру, бөлу және жабдықтау — реттелетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну бойынша «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-ң қызметі туралы есеп
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі — Заң) және «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының» (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы №73 Бұйрығы) (бұдан әрі — Қағидалар) талаптарын орындау үшін «Алматы жылу жүйесі» ЖШС (бұдан әрі – «АлЖЖ» ЖШС) 2025 жылдың 22 сәуірінде 2024 жылдың ішіндегі қызметі туралы жыл сайынғы есебі жөнінде тыңдалымдар өткізеді.
Қағидалардың 299т. сәйкес есеп келесі ақпараттан құралады:
- табиғи монополия субъектісі туралы жалпы ақпарат.
- бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы.
- бекітілген тарифтік сметаның баптар бойынша орындалуы туралы.
- реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау туралы.
- табиғи монополия субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы.
- табиғи монополия субъектісі қызметінің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы.
- реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы.
- реттеліп көрсетілетін қызметтер тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс туралы.
- қызметтің перспективалары (даму жоспарлары), оның ішінде тарифтердің ықтималдық өзгерістері туралы
Тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында есеп беретін табиғи монополия субъектісінің атынан бірінші басшы – бас директор шығады (Қағидалардың 299т. сәйкес).
Жария тыңдалымның төрағасы – бас инженер (Қағидалардың 296т. сәйкес «АлЖЖ» ЖШС басшыларының ішінен).
1. «АлЖЖ» ЖШС туралы жалпы ақпарат.
«АлЖЖ» ЖШС жылу энергиясын беруді, бөлуді және жабдықтауды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектісі болып табылады.
«АлЖЖ» ЖШС негізгі қызметі «Алматы электр станциялары» АҚ (ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЗТК), «Алматыжылужайэнерго» ЖШС (85 қазандық) жылу көздерінен жылу энергиясын тасымалдауды қамтамасыз ету және Алматы қаласының тұтынушыларының жылытуға және ыстық сумен жабдықтауға жылу энергиясымен қамтамасыз ету болып табылады.
31.12.2024 ж. жағдай бойынша жылу желілерінің ұзындығы 1 399,9 км құрайды, оның ішінде:
- Магистралдық жылу желілері (МЖЖ) – 315,62 км;
- Тарату жылу желілері (ТЖЖ) – 1 084,28 км.
Жылу желілерінің гидравликалық жұмыс режимін қамтамасыз ету үшін 69 сорғы станциясы (магистралдық сорғы станциялары – 20 бірл., бөлу станциялары – 49 бірл.) орнатылды.
ЫСЖ-ң шекті жүктемелерін түзеу үшін 24 бак-аккумулятор орнатылды.
31.12.2024ж. жағдай бойынша пайдалану мерзімі 25 жылдан асатын жылу желілерінің үлесі 56,1% немесе 785,96 км құрайды, соның ішінде:
- ТЖЖ: 63,2% немесе 685,6 км;
- МЖЖ: 31,8% немесе 100,36 км.
Желілердің негізгі үлесін диаметрі 40 мм-ден 400 мм дейінгі 1 210,48 км (86,5%) құбырлар құрайды, диаметрлері 500 мм-ден 1 000 мм дейінгі желілердің үлесі 189,42 км (13,5%) құрайды.
Жыл сайын «АлЖЖ» ЖШС-ң жалпы ұзақтығына «АлЖЖ» ЖШС-ң теңгеріміне берілген қайта салынған және коммуналдық жылу желілері қосылады. «АлЖЖ» ЖШС жылу желілерінің ұзақтығы 2023 жылмен салыстырғанда 14,6 км ұзарған.
2. Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығының 6-тарауының 335-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Тарифтерді қалыптастыру қағидалары, ТҚҚ) «АлЖЖ» ЖШС субъектісінің инвестициялық бағдарламасы Қазақстан Республикасының даму басымдықтары мен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін ескере отырып әзірленді, сәйкесінше онда:
— қолданыстағы активтерді кеңейту, жаңғырту, жаңғырту, жаңарту, жылумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсету үшін технологиялық циклде тікелей пайдаланылатын жаңа активтерді құру;
— энергия үнемдеуді қамтамасыз ету және энергия тиімділігін арттыру;
— көрсетілетін реттеліп көрсетілетін қызметтердің (жылу және ыстық сумен жабдықтау) сапасын арттыру.
ТҚҚ-ның 6 тарауының 338 тармағына сәйкес бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асыру «АлЖЖ» ЖШС тарифіне енгізілген пайда мен амортизациялық аударымдар есебінен жүзеге асырылуы тиіс. 2024 жылдың ішінде «АлЖЖ» ЖШС нақты амортизациясы бекітілген мөлшері 4 982,6 млн. тг. бола тұра, 5 601,6 млн. тг. құрайтынын айта кету керек.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Департаменті (бұдан әрі — ТМРКД) 2025 жылғы 14 ақпандағы №11-ОД бұйрығымен 2024 жылдың инвестициялық бағдарламасын орындау жоспарына 4 982,6 млн. тг. сомасына түзетуді бекітті, іс жүзінде 2024 жылдың ішінде инвестициялық бағдарламаның орындалуы 4 960,9 млн.тг. құрады,
ҚҚС-сыз

3. Бекітілген тарифтік сметаның баптар бойынша орындалуы туралы.
2024 жылдың ішіндегі жылу энергиясын беру, бөлу және жабдықтау қызметтеріне тарифтік сметаның орындалуы.
ҚҚС-сыз
р/б № | Көрсеткіштердің атауы | Өлшем бірлігі | Бекітілген тарифтік смета | 2022 ж. ішіндегі орындалуы | % | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
I. | Тауарларды өндіруге және қызметтерді ұсынуға жұмсалған шығындар, барлығы | мың теңге | 24 704 488,76 | 27 756 712,89 | 12% | |
1 | Материалдық шығындар, барлығы | мың теңге | 1 656 571,77 | 2 469 799,16 | 49% | |
соның ішінде: | ||||||
1.1 | Шикізаттар мен материалдар | мың теңге | 79 302,74 | 79 365,36 | 0,1% | |
1.2 | ЖЖМ | мың теңге | 94 662,87 | 216 010,63 | 128% | Артық шығынның себептері: − бензин бағасының 58%-ға, диз.отын бағасының 73% қымбаттауы (2020-2024жж. бастап); − автокөліктердің қатты тозуына байланысты ЖЖМ шығынының көбеюі. |
1.3 | Су және кәріз | мың теңге | 26 920,41 | 38 033,48 | 41% | Артық шығын «Алматы Су» МКК тарифінің 136% өсуіне байланысты пайда болған (2020-2024жж. бастап). |
1.4 | Энергия | мың теңге | 1 455 685,76 | 2 136 389,69 | 47% | Артық шығын 2020-2024жж. бастап тарифтердің жоғарылауымен байланысты: − электр энергиясына 76%; − «АлЭС» АҚ жылу көздерінің жылу энергиясына — 58%, «АЖЖЭ» ЖШС — 96%. |
2 | Еңбекақы төлеу шығыстары, барлығы | мың теңге | 9 029 267,70 | 9 344 061,76 | 3% | |
3. | Амортизация | мың теңге | 4 952 136,52 | 5 593 883,25 | 13% | Артық шығын кәсіпорын теңгеріміне қайта жаңғыртылған магистралдық және тарату желілерінің қабылдануына байланысты пайда болған, бұл негізгі құралдардың амортизация шығындарын көбейтеді. Ұзақтығы 14,6 км ұлғайған. |
4. | Нормативтік шығындарға жұмсалған ақша | мың теңге | 7 923 883,50 | 8 503 306,66 | 7% | Артық жұмсалуы «АЖЖЭ» ЖШС аймағында жылу энергиясының нақты шығынының көбеюімен және ХТС бағасының қымбаттауымен байланысты |
5. | Жөндеу | мың теңге | 923 642,31 | 1 353 074,83 | 46% | Артық шығынның себептері: − асфальт бағасының 43% қымбаттауы (2020-2024жж. бастап); − 2012 апаттық-қалпына келтіру жұмысы жасалды, 31.12.2024ж. желілердің тозуы 56,1% құрайды. |
6. | Салықтар (экологиялық төлемдер) | мың теңге | 1 481,86 | 1 547,22 | 4% | Артық шығын қоршаған ортаға кері әсер тигізетін шығарындылар мөлшерінің көбеюінің есебінен пайда болған (автокөліктердің тозу дәрежесінің жоғары болуына байланысты ЖЖМ шығынға жазу) |
7. | Шеттегі ұйымдардың қызметтері, всего | мың теңге | 217 505,10 | 491 040,01 | 126% | |
II. | Кезең шығыстары, барлығы | мың теңге | 2 334 007,49 | 2 522 380,01 | 8% | |
9. | Сыйақы төлеуге шығыстар | мың теңге | 5 748,51 | 5 748,51 | 0% | «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша кредиттік шарт |
III | Пайда | мың теңге | 27 044 244,76 | 30 284 841,41 | 12% | |
IV | Прибыль | мың теңге | 0,00 | -2 168 442,64 | 0% | |
V | Кірістердің барлығы | мың теңге | 27 044 244,76 | 28 116 398,77 | 4% | |
VI | Көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемі | мың Гкал | 6 712,68 | 6 978,80 | 4% | |
VII | Нормативтік техникалық шығындар | % | 15,97% | 15,35% | -4% | |
мың Гкал | 1 275,90 | 1 265,03 | -1% | |||
VIII | Тариф (ҚҚС қоспағанда) | теңге/Гкал | 4 028,83 | 4 028,83 | 0% |
4. Реттелетін қызметтің сапа және сенімділік көрсеткіштері туралы және
5. Реттелетін қызметтің сапа және сенімділік көрсеткіштері және табиғи монополиялар субъектісінің қызметінің тиімділік көрсеткіштері туралы:
Реттелетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштері және субъект қызметінің тиімділік көрсеткіштері тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдана отырып тарифті қалыптастыру кезінде бекітіледі (2019 жылғы 13 тамыздағы №73 Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларының 13-тарауы).
«АлЖЖ» ЖШС-де тариф пен тарифтік сметаның бес жылдық шекті деңгейі шығыс әдісімен бекітілген, соған байланысты реттелетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштері және субъект қызметінің тиімділік көрсеткіштері бекітілмеген (2022 жылғы 11 қаңтардағы №143-Од Бұйрық).
6. Қызметтің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы
2024 жылдың ішінде Кәсіпорын 74,47 млрд. теңге мөлшерінде кіріс алды, негізгі 93,7%-ы жылу энергиясын өткізудің үлесінде; ЖАО-дан бөлінген ақша қаражаттарының үлесі жалпы кірістің 4,7% құрайды, ақша қаражаттары «АлЭС» АҚ мен «АЖЖЭ» ЖШС жылу көздерінің алдындағы кредиторлық берешекті жабуға бөлінді; жалпы кірістің 1,6% Кәсіпорынның басқа және өзге түсімдерінің үлесінде (инженерлік желілерге қызмет көрсету, металл сынықтарын сату, есепке алу аспаптарын орнату және т.б.).
2024 жылдың ішіндегі шығындар 78,78 млрд. теңгені құрады, шығындардың негізгі үлесі жылу көздерінен жылу энергиясын сатып алуға жұмсалады– 67,7%. Одан басқа, негізгі шығындар мыналарға жұмсалады: амортизация – 7,1%; жалақы – 13,0%; электр энергиясы, салықтар және жөндеу – 5,9%; сондай-ақ басқа шығыстар – 6,3% (айыппұлдар, тұрақсыздық төлемі, өсімпұлдар, зардап шеккендерге өтемақы, мүшелік жарналар және т.б.).
2024 жылдың қорытындылары бойынша қаржылық нәтиже 4,3 млрд.теңге мөлшеріндегі залалды құрады.
7. Ұсынылған реттелетін қызметтер көлемдері туралы.
Есепті кезең ішінде жылу көздерінен – 8 297,89 мың Гкал. сатып алынды, былтырғы 2023 жылмен салыстырғанда бұл 382,56 мың Гкал немесе 5% өскен;
- Өткізілгені – 6 978,8 мың Гкал.;
- Өз қажеттіліктеріне жұмсалғаны – 17,2 мың Гкал;
- Қайта енгізілетін объектілерді ойып салу/төгу – 1,22 мың Гкал;
- Коммуналдық желілер бойынша нормативтік шығыстар – 35,65 мың Гкал;
- Нормативтік шығыстар – 1 265,03 мың Гкал;
2024 жылы жылу энергиясын сатып алу және өткізу көлемі мыналардың есебінен ұлғайған:
-жылытылатын ауданның 1 550 мың м2 немесе 7% үлкеюі;
-шарттар санының 1 125 немесе 7% көбеюі;
-дербес шоттардың 24 457 немесе 5% көбеюі.
8. Реттелетін қызметтерді тұтынушылармен жүргізіліп жатқан жұмыс туралы.
2024 жылдың ішінде Кәсіпорын бойынша электрондық құжат айналымында тіркелген кіріс корреспонденциясының саны 26 452 өтінішті құрады, былтырғы 2023 жылмен салыстырғанда 37% немесе 7 137 өтінішке көбейген. Барлық кіріс корреспонденциясының 85% Кәсіпорынның коммерциялық блогының үлесінде.
«АлЖЖ» ЖШС-де «Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін 3 (үш) Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы (Батыс, Орталық, Шығыс) жұмыс істейді. Бұл тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға және құжаттарды рәсімдеу және қызметтерді ұсыну мерзімдерін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. 2024 жылдың ішінде тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтары 93 570 тұтынушыны қабылдады, 2023 жылмен салыстырғанда тұтынушыларды қабылдау 0,8% азайған.
2024 жылдың ішінде қабылданған кіріс қоңырауларының саны 186 294 жетті, оның 89% – Байланыс-орталығына келіп түскен қоңыраулар. 2023 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 6% жоғарылаған. Қалған 11% немесе 19 926 кіріс қоңырауларын Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығының қызметкерлері қабылдаған.
Оған қосымша, Серіктестік өтініштерді Интернет-ресурстар арқылы, WhatsApp-мессенджерлер, Кәсіпорынның ресми сайты, Facebook, Instagram әлеуметтік желілері және басқа жолдармен қабылдайды.
Мысалға, 2024 жылы WhatsApp мессенджері арқылы тұтынушылардың 5 404 өтініші қабылданды, 2023 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 26% азайған.
9. Қызметтің перспективалары, соның ішінде тарифтердің өзгеру мүмкіндігі туралы:
2025-2026 ж. жылыту кезеңіне дайындық:
2025 жылға арналған жылу желілерін жаңғырту жоспары:
- ҚЭН бағдарламасы бойынша ҚҚС қоспағанда, 8 млрд. теңге сомасына жалпы ұзақтығы 15,4 км құрайтын 33 жылу желілері объектілерін жаңғырту жоспарланған;
- «АлЖЖ» ЖШС-ң инвестициялық бағдарламасы бойынша ҚҚС есептемегенде, 3,7 млрд. теңге сомасына жалпы ұзақтығы 8,1 км құрайтын 18 жылу желілері объектілерін және 1 сорғы станциясын жаңғырту жоспарланған; «Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» КММ тапсырысы бойынша ЖАО қаражаттарының есебінен ҚҚС есептемегенде, 6,1 млрд. теңге сомасына жалпы ұзақтығы 9 км құрайтын 10 объектіні (7 екі жылдық және 3 бір жылдық) және 1 сорғы станциясын жаңғырту жоспарланған.
- Жылу желілерін ағымдағы жөндеу – 7,0 км.;
- Оқшаулануын қалпына келтіру – 7,5 км.
Дебиторлық берешекті азайту:
- БАҚ-да және кәсіпорынның әлеуметтік желілерінде тұтынушыларды дебиторлық берешектері үшін жылумен жабдықтау қызметтерінен ажырату рейдтерінің өткізілетіні туралы ақпаратты жариялау;
- Сотқа дейінгі хабарламаларды беру;
- Дебиторлық берешегі үшін тұтынушылардың ыстық сумен жабдықтау қызметтерінен ажырату;
- Жылу энергиясы қызметтерін тұтынушылардың берешегі туралы автоқоңырауды және смс-хабарламаны енгізу;
- Атқарушылық жазбаларды жасау және оларды жеке сот орындаушыларына жіберу.
Қызмет көрсетуді жақсарту:
- Қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
- Жылумен жабдықтау қызметтерін ажырату/қосу актілері бойынша деректерді енгізуді автоматтандыру.
Тарифтің ықтимал өзгерісі:
- «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 22-бабын басшылыққа ала отырып, «АлЖЖ» ЖШС стратегиялық тауарлардың құны өзгерген жағдайда тарифті көтеру туралы өтініммен оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін жүгінуді жоспалар отыр.